Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлерді тіркеу мерзімі қысқарды - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлерді тіркеу мерзімі қысқарды

Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті жаһандық индексі мемлекеттердің экономикалық дамуына баға жүргізетін халықаралық рейтинг.

Қазақстан Республикасы БЭФБҚЖИ рейтингіне 2006 жылдан бастап енген болатын. Аталған рейтинг 114 индикатордан тұрады. Соның 7-еуі бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі орындаушы және бірлесіп орындаушы болып бекітілген. Еліміздің БЭФБҚЖИ рейтингісін жақсарту мақсатында әділет органдарында әкімшілік кедергіні азайту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу қызметіне ерекше назар аударылады.  
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіледі. Осылайша кәсіпкер тіркеуші органға келмей-ақ, электронды пошта арқылы  толтырылған  хабарламаны жолдай алады. Бұл басы артық әурешіліктен құтқарып, тіркеу мерзімін қысқарта түседі. Осының нәтижесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің электрондық тіркеу мерзімі 1 сағат, ал, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 1 күн ішінде тіркеу жүргізілетін болды. Сонымен бірге, тарату мерзімі 10-нан 5 күнге дейін қысқартылды.
Аталған жаңалықтар бизнес ашып, жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызып, БЭФБҚЖИ рейтингісінде бәсекеге қабілеттілік қуатын арттырады. Бұл Елбасы Жолдауында айқындалған «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдылықтарының бірі болып табылады.     

Облыстық әділет департаментінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар