Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Антыңа адал бол! - АРҚА АЖАРЫ

Антыңа адал бол!

Кеше Тәуелсіздік алаңында Көкшетау техникалық институтының курсанттары Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берді. Төтенше жағдайлар қызметінің болашақ офицерлерін осынау салтанатты сәтпен құттықтауға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, облыс әкімінің орынбасары Олжас Бектенов және өрт сөндіру саласының ардагерлері, курсанттардың ата-аналары мен жақындары келді.  

Республикада өрт қауіпсіздігі саласында білікті мамандарды-кадрлық офицерлерді даярлап келе жатқан еліміздегі жалғыз арнайы оқу орны – Көкшетау техникалық институты  өзінің азаматтық қорғау саласы мамандарын даярлау жөніндегі маңызды міндетін 20 жылдан бері абыроймен атқаруда. Жаңа оқу жылында институт 185 талапкерді оқуға қабылдаса, кеше оның 139-ы құтқарушы атағына лайық болуға, адамдарды құтқару саласында адал қызмет ететіндіктеріне ант берді. Қалған 37 курсантты Төтенше жағдайлар комитеті Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасындағы мамандандырылған жоғары оқу орындарына оқуға жіберіпті. Өз сөзінде министрдің орынбасары Юрий Ильин:
– Қабылданған ант әрбір курсантты өз ісіне адал болуға, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының талаптарын қатаң сақтауға, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби тұрғыдан орындауға, құтқарушы атағын қастерлеуге міндеттейді, – дей келе, болашақ офицерлер мен олардың ата-аналарына ізгі тілектерін білдірді.
–Институт курсанттарының қатысуымен 2015 жылы Оразақ ауылындағы су тасқыны тоқтатылды. Атбасар қаласында биыл орын алған көктемгі су тасқыны кезінде де апатты жағдайлардан құтқару ісіне курсанттар белсене араласты, –  деп облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысының атынан болашақ офицерлер мен институт оқытушыларына игі тілектерін арнады.
Оқу орнының офицерлері мен курсанттарының салтанатты шеруі концерттік бағдарламаға ұласып, ән-жырдан шашу шашылды.  
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар