Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баға шарықтай беріп тұр - АРҚА АЖАРЫ

Баға шарықтай беріп тұр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев пен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Жаслан Әбдірахманов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында қолға алынып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

Жаслан Әбдірахмановтың айтуынша, биылғы жылдың сегіз айында облыс бойынша инфляция деңгейі 104 пайызды құраған. Тамыз айында жалпы азық-түлік тауарларына тұтынушылар бағасының индексі былтырғы жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 0,4 пайыз төмендеген. Қыркүйекте картоп пен қырыққабаттың бағасы 15 пайызға, пияз бен сәбіз 7 пайызға, қант 11 пайызға арзандағаны байқалады. Сондай-ақ, жұмыртқаның бағасы 39,5 пайызға, қарақұмық 21,3 пайызға, күнбағыс майы 7 пайызға, сары май 3 пайызға төмендеген.
Жыл басынан бері ірі қара мал етінің бағасы 14 пайызға, жоғары сұрыпты ұн мен нан 7 пайызға, кондитерлік өнім 4,4 пайызға, шай 3,5 пайызға, дизель отыны 13 пайызға, киім мен аяқ киім 5,6 пайызға, тұрмыстық аспаптар 5,2 пайызға, бензин 4,8 пайызға және жолақы 33,3 пайызға өсті. Бағаның өсуінің негізгі себептері тауар өндірушілердің көтерме босату бағасын және акциздерді арттыруынан болып отыр. Бағаның өзгеруіне бірқатар азық-түлік тағамдарын өндіру және жанар-жағар май бағасының өсуі өз ықпалын тигізуде. Облыс әкімі бағаны тұрақтандыру бойынша биылғы жылғы шаралар жоспарын бекіткен. Жоспарға сәйкес әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізіліп, бағаны негізсіз өсіргендерге тиісті шара қолданылатын болады.
Жыл басынан бері тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен, көтерме және бөлшек сауда орындарымен 1374 меморандумға қол қойылды. Төрт жүзден астам жәрмеңке өткізіліп, 763 миллион теңгенің өнімдері арзан бағамен сатылды. Азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға ықпал ететін факторлардың бірі өнімдер өндірісін ұлғайту болып табылады. Биылғы жылдың сегіз айында 51,7 миллиард теңгенің жергілікті азық-түлік тауарлары өндіріліп, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға артты. Ет, шұжық өнімдері, өсімдік майы, ұн және өзге тауарларды өндіру әжептәуір өсті. Бағаның негізсіз өсуі облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқын қорғау департаментінде қаралады. Бұл жағы облыстық әкімдіктің тұрақты бақылауында тұр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Таласбаев өз сөзінде биыл өңірде 18 мың гектардан астам алқапқа картоп отырғызылғанын, оның 3 мың гектары әртүрлі ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиесілі екенін атап өтті.
– Облыста «Еңбек-1», «Журавлевка-1», «Агротрейд Көкше», «Агро Крестьянский двор», «Green Star», «Табиғат ТР» серіктестіктері мен «Шишов Е.И.», «Махамбет» шаруа қожалықтары ең ірі картоп өндірушілер болып табылады. Бүгінгі таңда 305 мың тонна картоп  жиналды. Оның 47,8 мың тоннасы ауыл шаруашылығы құрылымдарына, 257,4 мың тоннасы тұрғындарға тиесілі. Осы орайда, облыс тұрғындарына 85 мың тонна картоп қажет екенін атап өткен жөн. Бұл қажеттілік тұрғындардың картоп өндірісі есебінен жабылады. Картоптың көп бөлігі Астана қаласының рыногында сатылады, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Бүгінгі таңда өңірдегі бір келі картоптың орташа бағасы 84 теңгені, облыс орталығындағы бөлшек
саудада 90 теңгені құрайды. Өңірде картоп пен көкөніс сақтайтын 37 қойма бар. Мұнда 38 мың тонна картоп сақталады. Сондай-ақ, картопты сақтау өзекті мәселе болып табылады.
Осыған байланысты картоп сәуірден  қыркүйек айына дейін оңтүстік өңірлерден тасымалданады. Картоп тасымалдауды тұрақты қамтамасыз ету үшін Оңтүстік Қазақстан облысымен меморандумға қол қойылды. Келесі жылы отырғызылатын картоп тұқымы толық жинап алынды. Биыл облыс бойынша 4,3 мың гектар алқапқа көкөніс отырғызылды. Бүгінгі таңда көкөністің 50,1 мың тоннасы немесе 90 пайызы жинап алынды. Өңірдегі «Агротрейд Көкше», «Green Star», «АгроТрейд Қызылжар» серіктестіктері мен «Шаймарданов И.», «Махамбет», «Колос», «Стимул» шаруа қожалықтары көкөніс өндірісімен айналысатын ең ірі шаруашылықтар болып табылады. Аталмыш өнім түрлерінің бағасын төмендету мақсатында 14 қазаннан бастап Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Брифинг соңында журналистер қойған сауалдарға тұшымды жауап берілді.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар