Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды, тұрғын үй құрылысын дамыту, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, одан әрі қоғамды жұмылдыру туралы халықты ақпараттандыруды арттыру үшін, 2017 жылғы 16 қаңтар мен 15 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.
Есеп беру кездесулерінде 1075 адам сөз сөйледі, 681 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сыни ескертулер айтылған жоқ. Барлық 681 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.
583 ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 88 ұсыныс өңірлердің іс-шаралар жоспарына қосылды. Облыс әкімінің қаулысымен бақылауға алынды – 10 ұсыныс, оның ішінде 2017 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша орындалғаны 5 ұсыныс.
2017 жылы облыстық бюджет қаражатының есебінен:
– «Көкшетау жолдары» ЖШС мердігер ұйыммен 672 миллион теңге сомасына Степногорск қаласы Парковая көшесі бойынша автожол құрылысының жұмысы аяқталды;
– «Таир» ЖШС мердігер ұйыммен 391,4 миллион теңге сомасына Целиноград ауданы, Қызылсуат ауылында мектеп құрылысы аяқталды.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінде халықтан келіп түскен ұсыныстардың орындалуы туралы барынша толық ақпарат облыс әкімінің сайтына орналастырылды.
Қ.Шөкенов,
облыс әкімі аппаратының басшысы.