Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұрағаттағы құнды жәдігерлер сақталуы қажет - АРҚА АЖАРЫ

Мұрағаттағы құнды жәдігерлер сақталуы қажет

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин облыстық мемлекеттік мұрағатта болып, өңіріміздің тарихына арналған көрмемен танысып, мұрағаттарды сақтау мәселесіне назар аударды.

Облыстық мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының  басшысы Мәрзият Тохаева  аймақ басшысын өз салаларының жұмыстарына арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған жобалармен таныстырып, осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Облыстық мұрағатқа келіп, өздеріне қажетті құжаттар мен сирек кездесетін кітаптарды, басқа да дереккөздерді тауып, кәдеге жаратып жатқан адамдар аз емес. Мұрағаттың оқу залында отырған Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Қайдар Алдажұманов аймақ басшысына облыстық мұрағатта өңір тарихына қатысты құнды құжаттар мен мәліметтердің көп екендігін айтты.
Облыс басшысы аймағымыздың тарихына арналған фотосурет, кітап және түрлі құжаттар негізінде жасалған көрмені аралап көрді. Мұнда 18-ші ғасырдағы Абылай хан дәуірін қамтитын тарихи деректермен, түрлі фотосуреттермен өрілген өлке шежіресі  баяндалған. Осы арада төте жазумен басылған 1922  жылы шыққан губерниялық кеңес депутаттарының «Бостандық туы» газетінің көшірмесі де қойылыпты. Облыс басшысы 1929 жылдан бастап шыққан латын әліпбиінде басылған газеттер мен кітаптар, басқа да баспа өнімдері негізінде көрме ұйымдастырсаңыздар деген ұсынысын білдірді. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылданғалы жатқан қазіргі кезде әсіресе, жас ұрпаққа бұрын да латын әліпбиін қолданғанымызды айғақтайтын құжаттармен негізделген мұндай көрменің әсері аз болмасы анық.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел өмірін баяндайтын фотосуреттер мен газеттерде жарияланған мақалалар, кітаптар сол бір ауыр кезең жайында сыр шертеді. Тың және тыңайған жерлерді игеру, одан кейінгі өңіріміздің дамуы – бәрі нақты құжаттар мен фотосуреттер арқылы сол кезеңдерді көз алдыңа әкеледі. Әр жылдары облысымызды басқарған тұлғалардың сурет галереясы да көрнекті жерден орын алыпты. Тәуелсіз Қазақстан шежіресі жөніндегі құжаттар да, фотосуреттер мен кітаптар да жетерлік.
Бұдан кейін облыс басшысы мұрағат қорын көріп, құжаттар мен басқа да қағаз нұсқадағы материалдардың сақталуы жайымен танысты. Бүгінде облыстық мұрағаттың 1385 қорында 445700 дана түрлі құжаттар сақталуда. Олардың ең көнесі  1873 жылы берілген метрикалық құжат екен. Осы арада аймақ басшысы тұрақты температураны сақтап, басқа да қажетті жағдайларды жасағанға қарамастан, ерте ме, кеш пе қағаз нұсқадағы құжаттардың ескіріп, тозатынын айтып, электронды мұрағатқа көшу қажеттігін атап өтті. Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы басшысының айтуын-
ша, қазір бұл бағытта мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар