Жыл сайын 14 қазанда аталып өтілетін дүниежүзілік Стандарттар күні бүкіл әлемде бірдей стандарттар құру бойынша іс-қимылдардың маңыздылығына назар аударылып, бүкіл әлемнің ондаған мың мамандарының қосқан үлесі аталып өтіледі.
1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) мүшесі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғам стандарт сөзінің мағынасын біледі. Дүниежүзілік стандарттар күнінің ұраны жыл сайын өзгеріп отырады. Осыған байланысты барлық салаларда стандарттаудың рөлін ерекше атап өтуге мүмкіндік туады. 2017 жылы дүниежүзілік Стандарттар күні «Стандарттар қалаларды жөнге келтіреді» ұранымен өткізіледі. Осы орайда халықаралық стандарттарды пайдалану қалаларды оңтайландыруға мүмкіндік беретіні талқыланады. Қазақстан Республикасында елді жаңғырту басталды. Сондай-ақ, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы әзірленуде. Көкшетау қаласы экономикасының даму келешегі соңғы жылдары ықпалды болғандығын ескере отырып, «Smart City» атты озық технологияны кеңінен енгізу керек. Біздің қаламыз қолжетімді инфрақұрылым мен қалалық сапалы қызметтерді кешенді пайдалануды, қоршаған ортаны аялауды және қала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жетілдіреді.
Көкшетау тұрғындары үшін қолайлы жағдай қажет. Ол үшін инновациялық технологияларды енгізу керек. Мұнда стандарттау орындаушы ретінде қызмет көрсетеді. Көкшетау қаласының қарқынды дамуында тиімді инфрақұрылымның маңызы зор. Бұл қала қазірдің өзінде үлкен қалалардың трафикті жинау, қалада уақыт шығындау, қоғамдық ғимараттарда автокөлік тұрақтарының болмауы тәрізді барлық келеңсіздіктерін бойына сіңірді. Біз емхана, дүкен, қоғамдық қабылдау бөлмесі, мемлекеттік мекеме тәрізді қоғамдық орындарда жиі кездесеміз. Мәселен, Smart Көкшетау тұжырымдамасы қаланың жаһандануы мен жөнге келтірілуі мәселелерін шешуге көмектеседі. Ол үшін мемлекеттік органдар мен бизнес саласында қызметтің сапасын жақсарту керек. Смарт-бағдаршамдарды орнату қажет. Тұрғындар үшін қолжетімді қызмет көрсетілуі тиіс. Қауіпсіз қаланың көшелерінде адамдар тәулік бойы жүре алады. Ол үшін бейнекамералар орнатып, құқық бұзудың мониторингісін жүргізу қажет. Стандарттар Көкшетау қаласына коммуникациялық технологиялардан бастап, қалдықтарды кәдеге жарату және таза энергия өндірісі арқылы қауіпсіз тәртіпте жұмыс істеуге көмектеседі.
Қайрат ЖҮНІСОВ,
Қазақстан стандарттау және
сертификаттау институты
Ақмола филиалының директоры.