Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үй жылы, жол қауіпсіз болсын - АРҚА АЖАРЫ

Үй жылы, жол қауіпсіз болсын

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен аппарат кеңесі болып, алда тұрған өзекті мәселелер қаралды.

Ең әуелі өңір басшысы Қазақстан Рес-публикасы «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы басқармасының мәжіліс қорытындысы бойынша Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалған Қ.А.Сұлтановты таныстырды.
Астана қаласында өткізілген «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынылған Ақмола облысының жаңа технологияларын қолдану және 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымының бас-талуы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы В.Н.Радченко есеп берді. Басшысының мәлімдеуінше, облыс бойынша жылу беру маусымы ойдағыдай басталды. Ала жаздай жылу қазандықтары, құбырлар жөнделіп, отынның қоры жасалды. Әлі де болса отын қоры толықтырылып жатыр.
Жылу беру маусымына қатысты облыс басшысы облыс әкімі М.Мырзалин Көкшетау және Степногорск қалаларымен барлық аудандардың әкімдерін әлеуметтік нысандарға жылу берудің тұрақты нормативін сақтауды және тұрғындарды сумен, электр қуатымен, жылумен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, барлық қалалар мен аудандарда отын қорына толық есеп жүргізу қажеттігі айтылды. Бұланды мен Бурабай аудандарының әкімдері биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін мазутпен жағылатын қазандықтар үшін  сұйық отын сатып алуға қажетті қаржы көздерін іздестіру міндеті қойылды. Өңірде жылу беру маусымы қатаң бақылауға алынатын болды.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы А.С.Советов Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайларды болдырмау туралы хабарлама жасады.  Әсіресе, алдағы қыс айларында облыс аумағындағы жол бойларында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп отыр.
Осы мәселеге қатысты облыс әкімі М.К.Мырзалин Көкшетау және Степногорск  қалаларын және барлық аудан әкімдеріне елді мекендерді қорғаудың инженерлік жоспарының жүзеге асырылуы жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттілігін айтты. Нақты тапсырмалар берді. Биылғы жылдың 20 қарашасына дейін облыстың қар көп алатын автокөлік жолдары бойында   жолда қалған жолаушыларды жылыту пункттерін анықтау, сол пункттерді азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді тапсырды.   
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар