Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латыншаны меңгереміз - АРҚА АЖАРЫ

Латыншаны меңгереміз

Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері латын әліпбиіне көшу мәселесін үзбей көтеріп келеді.  Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкендігі белгілі. 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болды. Қазақтың рухани қазынасының едәуір бөлігі латын әліпбиі арқылы таңбаланып, ұлттық мұрамыздың алтын қорында қалды. Ел тарихын зерттеп, зерделеп жүрген ғалымдарымыз сол мұраны әлі де пайдаланып, кәделеріне жаратып жүр. 

Өткеннен көз жүгіртсек, біздің еліміз үш алфавит жүйесін өткендігін білеміз.  Бұл баршаға мәлім жай. Сондықтан, таратып айтудың қажеті жоқ шығар. Ең бастысы, бүгінгі күні төл тарихымыздың біршама бөлігі таңбаланған, олжасы мол өткен күнге оралғалы отырмыз.  
Қазіргі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын әліпбиіне көшуіміз туралы көтеріп отырған бастамасын қолдаймын. Жалғыз мен ғана емес, ұлттық мәселеге бей-жай қарамайтын барша жұрт қолдап отыр. Оның өзіндік себебі де бар.  Біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық тіліміздің ұлтымызға тән әуезділігі, әдемілігі, ішкі буын үндестігі, иірім-ырғағы ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Көптеген ғалымдардың пікірін тыңдағанда түйгенім, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды.
Латын әліпбиіне көшу саясатын Елбасы бекер бастап отырған жоқ. Мұның тиімді жақтары өте көп. Жапон елі, мәселен, өзінің IT технологиясында және ғылым саласында латын әліпбиін екінші әліппе ретінде қолданады. Қытай елі де өздерінің иероглифтерімен қатар, осы латын әліпбиін пайдаланады.
Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол бізді өркениетке бастайтын, өрісі кең қадам. Қазіргі кезеңде білім саласындағы жаңа реформаның жүзеге асырылуы да, яғни, жаңартылған оқыту мазмұны осы латын әліпбиіне көшу өзінің игі ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Оған дәлел, бастауыш буыннан бастап тілдің үш тұғырлығының басымдығының бастау алуы.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бар ынтамызбен, ұлт мүддесін көздеген күш-жігерімізді жұмылдырып қолға алсақ, ертең-ақ игеріп кетеміз.

Мейрамгүл НЫСАНБАЕВА,
Есіл аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар