Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.
Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашқы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші – мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабының ең қауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.
Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс – Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1913 жылы 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді
Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.
Ақыры, 1922 жылдың көктемінде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық алаңына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал, 1926 жылы республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке жіберілді. Батырдың бас сүйегі Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунст-камерасында ұзақ жылдар бойы сақтаулы тұрды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Кейкі батырдың бас сүйегі өз еліне қайтарылды. Жуырда Қостанай облысында батырдың кесенесіне ұлт сардарының бас сүйегін жерлеу рәсімі болып өтті. Батыр баба рухына құран бағышталып,  әскерилер аспанға от атып, қалың көпшілік топырақ салып, тағзым етті. Ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді. Батыр бабаның   ерлігі бүгінгі және келер ұрпақты туған жер мен туған елдің бостандығы үшін күресе білудің тамаша үлгісі болып Мәңгілік елдің келер ұрпақтарымен мәңгі жасайтын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар