Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашақтың алтын көпірі - АРҚА АЖАРЫ

Болашақтың алтын көпірі

Таяуда ғана елдің назарына ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасында төл таңбаларымыздың орынды белгіленгендігін ерекше атап өтуге болады. Бірінші нұсқа бойынша тіл білімі ғалымдарының және жалпы жұртшылықтың пікірлері ескеріліп, таразы басына тартылып, тағы бір екшелгендігі көрініп тұр.

Сондықтан, әліпбидің соңғы нұсқасы жастардың көңілінен шығып отыр. Мүмкін әлі де кейбір таңбаларды жетілдіре түсу қажет шығар.
Біздің жастарымыз жаңалықты тез үйреніп, меңгеріп алуға қабілетті. Мәселен, қалта телефоны пайда болғалы оның қызметіндегі  СМС-хабарламаларды, әлеуметтік желідегі әртүрлі ақпараттарды латын таңбасымен жазып жүргендіктен, жаңа әліпбиді меңгеру аса қиындық туғызбайды ғой деп ойлаймын. Жастардың латын әліпбиін меңгеруі, оларды Интернет желілері арқылы тарайтын әлемдік мәдени-рухани ахуалмен сусындатып, экономика саласында да өрлеуге сара жол ашатындығына сеніміміз мол. Дамыған шет елдердің 80 пайызға жуығы латын әліпбиін пайдаланып отыр. Сондықтан, осы қадам арқылы біздің жас буынның алдынан зор мүмкіндік қақпасы айқара ашылады. Жаһандану үдерісі болмай қоймайтын бүгінгі күнде ақпарат алмасу, ғылымның түрлі саласы қарқынды дамыған сайын өзінің ұлттық құндылықтарын жаңа өмір талабына бейімдеп, бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыратын отаншыл жас тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты бағдары.
Жалпы, латын әліпбиіне көшу Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жақындасуына мүмкіндік береді. Компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге жағдай туады. Ең бастысы, түбі бір түркі дүниесі, негізінен латын әліпбиін қолданады. Ендігі арада рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ.
Қиындықсыз, кедергісіз шаруа бітпесі анық, бірақ, біз осының бәрі болашақ үшін жасалып жатқандығын жақсы түсінеміз.

Аян ХАФИЗ,
Көкшетау қалалық «Жас Отан»  жастар қанатының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар