Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу - АРҚА АЖАРЫ

Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшу

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің рухани жаңғыру бағдарламасында латын әліпбиіне көшуді басты назарға алатынын айтқан еді. Тәуелсіздік алғаннан бері латын әліпбиінің мәселесі жиі көтеріліп келеді. Жалпы, болашақта латын әліпбиінің енуімен қатар қазақ тілінде үлкен реформа жасалатынын халық білуі тиіс.

Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді біреулер бұл істе асығыстық жасамау-ды сұрайды. Латын әліпбиіне көшкенімізде ұтатын тұстарымыз өте көп. Атап айтсақ, 42 мемлекетте тұратын Қазақ этносын біріктіреді; гуманитарлық-интеллектуалдық стандартқа сай ұлттық модельге енуге талпындырады; заманауи ақпараттық технологияны интеграциялауға мүмкіндіктерін арттырады; қазақ тілін әлемдік тіл деңгейіне көтеруге мүмкіндік туғызады; шетелдерде және қазақ жастарының арасында қазақ тілінің беделін арттыруға жағдай жасайды; отандық ғаламтор жүйесі мен веб-индустрияның әлемдік трендке сай болуына мүмкіндік береді; кәсіпорындардың бизнес-ортада инновацияға назарын аудартып, еркін пікір алмасуды жетілдіреді; білім беру жүйесін, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жағдай туғызады; түркі әлемімен бірлесіп, шетелдік қазақ диаспорасымен байланыс орнатуға мүмкіндік туады; ұлттық терминологиялық қордың дамуы мен негізін көтеруге жағдай жасайды; технологиялар мен білімнің деңгейін көтеруге, сонымен қоса, қатаң  интеллектуалды және виртуалды жобаларды қалыптастыруға септігін тигізеді; ұлттық патриотизмді, ұлттық кодты нығайтады;  ұлттық сананы жаңғыртады; технология саласында ғылыми орта, отандық бизнес, пікір алмасу үрдістерін жеделдетуге ықпал жасайды; нано, ғарыш, жасанды
интеллект, ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын төл дыбыстарымызды анық, айқын түрде айта алуға мүмкіндік туады; латын әліпбиіне өту тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады.
2017 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өтті.
Осы тыңдауда 25 әріптен, 8 диграфтан тұратын латын әліпбиінің жаңа үлгісі ұсынылды. Айта кетейік, «диграф» екі әріппен таңбаланатын дыбыс деген мағынаны білдіреді. Онда қазақтың ң, қ, ғ, ө, ә қатарлы дыбыстық таңбаларының латын әліпбиінде қалай жазылатындығы көрсетілді. Мысалы ә – ае, ө – ое, ғ – gh, ч – ch, ж – zh, ш – sh, ү – ue түрінде қолданылуы қиындық тудырмайды. Көріп отырғанымыздай,  латын әліпбиі жайлы түрлі көзқарастар мен пікірлер айтылды. Себебі, аталған әліпбиде өзгерістер болды, ол 1 әріпті 2 дыбыспен таңбалау немесе  орыс тілінен енген ц, ф, х, в дыбыстарының таңбалары жоқ.
ХХ ғасырдың басында кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлы  араб  әліпбиін қазақшаға бейімдеп, төте жазуды жасағанда қазақ тіліне тән, бірақ арабшада жоқ әріптерді шекесіне дәйекше қойып белгілеген болатын. Қазіргі қазақ әліпбиін интернетке бейімдеу мәселесіне келгенде, біз де Ахмет Байтұрсынұлының сол ұстанымына сүйенсек, қателеспейтін шығармыз. Әріптің үстіне қос нүкте немесе апостроф (дәйекше)  қойған  әліпбилер әлем тілдерінде көптеп кездеседі.
Кейбір елдер ұлттық әліпбилеріне түрлі шартты белгілер енгізіп, интернетке бейімдеген. Апостроф дегеніміз (көне грекше: ἀπόστροφος  – жанына не артына қарата қойылған) – төмендегі жағдайларда қолданылатын үтір түріндегі жазу, жолдың жоғарғы жағында келетін белгі болып табылады. Маңғыстаулық тіл маманы Рүстем Әбдіқадыров 1 әріпті 1 дыбыспен белгілеу принципін ұстана отырып, интернетке және ұялы телефонға бейімделген 32 әріптен тұратын латын әліпбиінің жаңа үлгісін ұсынып отыр. Аталған үлгідегі ескеретін жайттар: қолданыстағы қазақ әліпбиінің  ж, ш, щ, ч әріптері латын үлгісі ж (zh), ш (sh), щ (sh’), ч (ch) түрінде жазылады. Мысалы: Көкшетау (Kokshetau), Шалқар (Shаlk`ar). Қазақ әліпбиінің й (қысқа и) және і әріптері латын үлгісінде бір әріппен (j) таңбаланады, мысалы:  ай (aj), бейбіт (bejbjt), киім (kijm). Айыру белгісінің (ъ) орнына және жіңішкелік белгісі (ь) дауысты әріптің қасында тұрып айыру қызметін атқарып тұрса, латынша (j) жазылады, мысалы: разъезд (razjezd), подьезд (podjezd), съезд (sjezd). Басқа жағдайда жіңішкелік белгісінің (ь) орнына ешқандай таңба қойылмайды, мысалы: повесть (povest), фильм (film), кисель (kisel), руль (rul). Орыс тілінен енген дифтонг әріптер ё, ю, я латын үлгісінде екі әріппен жазылады: ё (jo), ю (ju), я (ja). Мысалы: қоян (к`oijan). Егер соңғы ұсынылған латын әліпбиінің нұсқасына назар аударар болсақ, кейбір әріптердің дыбысталуына түзетулер енгізу қажет деп санаймыз. Мысалы, ұ және ы дыбысын таңбалауды тағы да қарастырса жөн болар еді.
Дегенмен,  латын әліпбиінің осыған дейін ұсынылған нұсқаларына қарағанда, осы 32 дыбыстан тұратын нұсқасы дұрысырақ. Жаңа әліпби елімізде мемлекеттік тілдің дамуына қуатты серпіліс тудырары анық.

Айнагүл БЕЙСЕМБИНА,
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары  қазақ педагогикалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы, филология  ғылымдарының магистрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар