Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрылысқа бөлінген қаражат қалай игерілуде? - АРҚА АЖАРЫ

Құрылысқа бөлінген қаражат қалай игерілуде?

Мемлекеттік «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының 2015-2019 жылдарға арналған «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» мен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, су және жылу желілерін салу, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту» бағыттары бойынша «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық, Көкшетау қалалық мәслихаттарындағы депутаттар фракциясының көшпелі отырысы өтті.

Күн тәртібіне қойылған мәселе – жоғарыда аталған бағдарламалардың сәтті жүзеге асуы үшін Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың дұрыс игерілу жайы. Бөлінген соманың шеңберінде салынып жатқан тұрғын үй, білім беру мекемелерінің жай-жапсары сөз болған жиынға Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Шәкіржанов, «Строй Тех IC» ЖШС директоры Мұхтар Есенов, «Байсын-А» ЖШС директоры Алмас Оразбаев, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссияның жетекшісі, «Той Дас-
тархан» ЖШС директоры Елена Мащинская, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, «Көкше Энергоның» бас директоры Берік Ақылбеков және тағы басқалары қатысты.
Алдымен, мәжіліске қатысушылар 420 оқушыға арналған, құны 503 миллион 656 мың теңгені құрайтын №18 мектептің қосымша құрылысымен танысты. Тапсырыс беруші – Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі. Нысанның құрылысы 2016 жылдың қараша айынан басталып, осы күнге дейін жалғасуда. Тапсырылатын күні де алыс емес, үстіміздегі жылдың төртінші тоқсаны. Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Шәкіржанов тапсырыс беруші тарап ретінде:
– Жалпы мектеп құрылысында айтарлықтай кемшіліктер жоқ. Тек ауа өткізгіштердің көлемінің үлкендігі балаларға кедергі келтіреді, – деп мердігер компанияға өз ескертуін айтты.
Одан әрі Сарыарқа шағын ауданындағы 900 орындық мектеп құрылысымен таныстық. Нысан өзінің басты жоспарындағыдай бір тектес үлгіде, кемшіліксіз салынуда. Соған сәйкес комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Саралаудан өткен соңғы құрылыс бес қабатты жаңа тұрғын үй алабының төртінші бөлігі еді. Күн райының күрт бұзылуына қарамастан, мұнда да қызу еңбек толастамаған. Бірақ, құрылыс материалдарының уақытылы жеткізілмеуі салдарынан алғашқы қарқын сәл бәсеңсіген. «ЕНКИ» кірпіш зауытына еліміздің өзге аймақтарынан да тапсырыстардың көп болуына байланысты бізге кірпіш межедегіден аз жеткізіліп отыр дейді мердігерлер. Ал, кірпішті басқа аймақтардан тапсырыспен алдыру біріншіден, уақыттан ұтылу, екіншіден, артық шығын көрінеді. Осы мәселелерді оңтайлы шешу жайына да назар аударған комиссия мүшелері тұрғын үй құрылысын жеделдету қажеттігін атап көрсетті.

Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар