Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жәрмеңке көңілден шықты - АРҚА АЖАРЫ

Жәрмеңке көңілден шықты

Өткен сенбі күні облыс орталығындағы «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдындағы алаңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кезекті жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкені облыс әкімі Мәлік Мырзалин аралап көрді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл күні қала тұрғындарына жалпы көлемі 157,0 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Күннің суығына қарамастан, облыс орталығының тұрғындары ертемен жәрмеңке алаңына қарай ағылып жатты. Целиноград, Бурабай, Бұланды, Ақкөл, Қорғалжын, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеде халыққа азық-түліктің түр-түрін ұсынды. Ең бас-тысы, барлығы сапалы, әрі қолжетімді бағамен сатылды. Жәрмеңке алаңында тұтынушылардың қарасы көп болуы да содан.
Целиноград ауданының павильонынан сиыр, жылқы еттерін, құрт, май, ірімшік секілді сүт өнімдерін, ал, Бурабай ауданының павильонынан сиыр, қой еттері мен нан, тоқаш өнімдерін көруге болатын еді. Сиыр етінің бір келісі – 1250-1400, жылқы еті – 1400-1500, қой еті – 1100, құс еті – 1200 теңгеден сатылды. Ал, тұрғындар сары майдың бір келісін 2000, қаймақты – 1200, ірімшікті – 550 теңгеден сатып алып жатты. Қорғалжын ауданының павильонында бір келісі 450 теңгеден сатылған балық түрлерін, бір литрі 750 теңгеден сатылған қымызды, Ақкөл ауданының Домбыралы ауылынан әкелінген жұмыртқаны да сатып алу үшін тұтынушылар ұзын-сонар кезекке тұрды, яғни, аталған тауар түрлеріне сұраныс көп болды. Осы орайда, қорғалжындық павильонның сатушыларын әңгімеге тартқан едік:
–Біз Кеңбидайық ауылдық округінен келдік. «Қайрат» шаруа қожалығының елу литр қымызын, «Нұржамал», «Сатурн» шаруа қожалықтарының сүт өнімдерін алып келдік. Сауда жақсы жүріп жатыр. Түске дейін барлық тауарымыз сатылатынына сенімдіміз, – дейді сатушы Арайлым Қасенова.
Бурабай ауданы Кенесары ауылының «Омарова» шаруа қожалығының жәрмеңкеге әкелген үш тонна картобы небары жиырма минуттың ішінде түгел сатылып кетті.
–Биыл картоп бізде жақсы шықты. Мол өнім алдық. Оның көбі аудан тұрғындарына, шаруа қожалықтарына сатылды. Содан артылғанын осында әкелдік, – дейді шаруа қожалығы өкілдері.
Ал, Сандықтау ауданында тұратын омарташы Сергей Казанков жәрмеңкеге бал әкеліпті. Ол өз өнімін көкшетаулықтарға бірінші рет ұсынып отырған жоқ. Бұдан бұрын да талай жәрмеңкеге қатысқан екен. Осы жолы омарташы балдың бір келісін 1500 теңгеден сатты. Ең бастысы, қара жердің төсінен нәпақасын тауып, тынымсыз тірлік кешкен бағбандар да, оны тұтынушы қарапайым халық та бұл күні мол ырысқа кенеліп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Венера Ысқақова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар