Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Серпінге» сенім қалай?.. - АРҚА АЖАРЫ

«Серпінге» сенім қалай?..

Өркениеттің тасы өрге домалаған уақыт нансаңыз да, нанбасаңыз да күллі адамзаттың анасы болып саналатын Хауа анамыздың алма жемісінен дәм татқан шағынан басталады. Сол бір оқиғадан соң тарих толқыны өз айдынында реформа, жоба, бағдарлама атаулының сан түрлі кемесін көрді. Діттеген межесіне жеткені де бар, дауылдың салдарынан теңіз түбіне кеткені де бар.

Орағытып ой айтып, сұлу сөзді тіл ұшына тізбектеуге түрткі болған түпкі мәселе «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы. Қоғамның қызығушылығын оятып, сөз бен көзге іліккен әлеуметтік жобаның бүгінгі қал-ахуалы қандай? Жерұйығын тапқан қазаққа туған жерден жылжу жайы ауырлық етпей ме? Жобаға назарын салғандардың наразылығы жоқ па? Жастарды «Серпінмен» оқуға түсіп, оған серік болмай, келген ізімен кері қайтуға не мәжбүрлейді?
Ауқымы кең, айдыны шалқар, асуы биік аталмыш жобаның жүзеге асырыла бастағанына міне, үш жылға жуықтап қалды. Алғашқы балапандары ұясынан ұшып, ауызданған қарлығаштарға айналды. Теңеу – теңдеу емес дерсіз. Бірақ, жер бетіндегі күллі жаратылыстың жанама қыры болуы кәдік. Қарапайым қазақтың ұғымында мұны «таяқтың да екі ұшы бар» дейді. Баспасөзде жобаны жасағандардың пікірін оқып үйренген жұртқа, жобаны өзінің іс-тәжірибесі арқылы жүзеге асырғандардың пікірін ұсынғанды жөн санадық. Бұл біз жоғарыда айтқан қазақы түсініктегі таяқтың бірінші ұшы деп белгілеп қойыңыз.
Қолымыздағы бар мәлімет бойынша, 2014 жылы елімізде «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасымен 2050 талапкер оқуға түссе, биыл олардың саны 3 есеге өсіп, 6200-ге жетті. Оның ішінде 5000 орын 19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлінсе, қалған 1200-і 36 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің 47 мамандығына сәйкес бөлінген. Жерұйығынан жылжуды жұртшылық теріс көрмейді дегенге бірінші дәлел осы.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Серпін» ұлттық жобалар басқармасының басшысы Күлзия Тобатаеваның айтуынша, 2015 жылы жоба бойынша білім алған 125 түлектің 69-ы жұмыспен қамтылған. Қалған 45 түлек өз білімін одан әрі тереңдетуді мақсат етсе, 3 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған. 8 түлек әлеуметтік, отбасылық жағдайына байланысты туған өңірлеріне оралған. Жыл санап қатары молая түсетін түлектер қосынынан 2016 жылы 1007 білім алушы түлеп ұшса, 2018 жылы олардың қатары тағы да артып, 1911-ге жеткен, оның ішінде 954 студент жоғары оқу орнын тәмамдаса, қалған 957-сі колледж түлектері атанбақ. Жоба басталған уақытта біз 54 колледжбен жұмыс бастадық, қазір солардың 36-сы «Серпіннің» аясында қалды. Неге десеңіз, олардың талапқа сай келмеуінде. Сонымен қатар, «Серпін» жастары енді магистратурада, әрі қарай докторантурада білімін жетілдіре алатын болады.
Осы тұста қоғамда әсіресе, жұмыс берушілер мен колледж оқытушылары және директорлары арасында екі ұдай пікір айтылды. Мәселен, бізге жоғары білімді азаматтар қажет емес, елімізде олар онсыз да өте көп. Сапаны қойып, санға көшу белең алып келеді. Бізге нақты еңбек нарығын қанағаттандыратын маман қажет. Орта арнайы білімді мамандар жетіспейді. «Серпінге» назарын салып жүргендердің аздап қана наразылықтары бар екенін осынау пікірлер легінен ұққан боларсыз.
Бағдарламаның бабын келтіріп, болашағым үшін барымды саламын деп бел буған жастардың әуелгі мақсатынан айнып, босаңсуына не түрткі болды десек, кілтипан жобаның жетілмей қалған мына бір тұсында екен. Еліміздің халқы тығыз орналасқан, туу көрсеткіші 60 пайыздан жоғары аймағынан атап айтар болсақ, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан «Серпін» жобасының аясында Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Ақмола, Қарағанды аумағына жастарымыздың біржолата қоныс теуіп қалмауына төмендегі факторлар әсер етеді.
Ернар Ыбырай, Щучинск қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжінің түлегі:
– Мен өзім Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде дүниеге келгенмін. «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасының аясында білім алып, еңбек жолымды Көкшетау қаласында бастадым. Қазіргі уақытта «Транстелекомның» қызметкерімін, өз еркіммен жолдамамен жіберген жұмыстан бас тартып, осы жерге орналасқан жайым бар. Жалпы, колледжді 19 түлек бітірдік. Жүз пайыз жұмыспен қамтылдық. Тоғыз түлек Щучинск қаласына, қалған онымыз Көкшетауға жұмысқа орналастық. Бірақ, көбісінің туған елге тартып отырғанын жасырмаймын. Себеп, біреу ғана. Біз алатын жалақыға мұнда пәтер жалдап тұру өте қиынға соғады.
Түлектің сөзінің төркінін таныған болсаңыз, жастарымыздың оқуға түскендегі жалынының сөнуіне, тұрақтап қалмауына баспананың жоқтығы әсер етеді деп түйіңіз. Мүмкін, мемлекет бізге берген жоқ деп қарап отырғанша, бізге былай берсе болар еді деп, арнайы шарттармен үй алу жағын қарастырса деген пікірлерді де естіп жүрген жалғыз сіз бен біз емес шығармыз, кім білсін?! Келер күннің құлағына сыбырлап мұны да айтармыз.
«Қара жер хабар береді» демекші, әлеуметтік жобаның әлеуеті жөнінде ақпараттандыру жағы да ақсап келеді. Өйткені, ғаламтордың ғаламатын сезінген алыс аймақтар мен қара орман халық әлі де болса оны ақпарат алудың көзінен бұрын кино көрудің күйіне келтірген. Яғни, ғаламтормен «Серпіннің» қуатын күллі қазақ даласы сезінеді дегенге біз түгілі, оқырман, сіз де сенбейсіз. «Оқуға қайда барам?» деп жүрген түлектің алдына барып, жөн сілтейтін арнайы мамандар жоқ, бар болса, оларға сол сапары үшін қаражат төленбейді. Сананы тұрмыс билеген шақта, алыс аймаққа барып, болашақ студентті ертіп келуге кім бел бусын?! Бұлай деуіме себеп, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы №8 агротехникалық колледжіне «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы бойынша 20 орынға грант бөлініп, өкінішке орай, оған білім алуға ешкімнің келмеуінде болып тұр. Оқуға ынтасыз жастар көп пе әлде ақпарат жеткен жоқ па екен? Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?!
Біз жобаның бүгінгі жайын, оның төңірегіндегі түйткілдерді шамамыз жеткенше тарқаттық, ал, оның ішкі әлемін бізден артық білуге, көруге мүмкіндігі бар, Ақмола облысындағы «Cерпіннің» тәлімгерлері сапындағы саңылақтар жоба жайында не айтты, «Серпінге» артылған сенім қандай? Жастардың ой мен пікір үндестігі сай ма? Енді осыған көшелік:
– Мен Жарқынбек Амангелдиев Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан Ақмола облысы Щучинск қаласының экология және орман шаруашылығы колледжіне «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша білім алуға келдім. Мамандығым «Экология және табиғатты қорғау қызметі», соның ішінде «Жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекторы». Осы үш жыл колледжде оқуымның барысында оқу орнының білім деңгейінің жоғары екеніне куә болдым. Біз теориялық білімді тәжірибемен қатар меңгерудеміз. Мемлекет тарапынан серпіндік студенттерге тегін білім, ай сайын шәкіртақы, жылына екі рет жолақысы, тағы басқа көмектер көрсетіледі. Алғаш келген уақытта әрқайсымызға қысқы жылы киім алуға 35 АЕК көлемінде (79415 теңге) қаражат берілді. Оқуымызға барлық жағдай жасалған. Сабақ үлгеріміміз де жақсы. «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік берері сөзсіз. «Серпін» бағдарламасымен келген 1000-нан аса студент бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында білім алуда. Ал, бұл игі істер Елбасымыздың тікелей бастауымен орындалып отырғанын мен жақсы түсінемін. Ол кісінің «2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім барша жастарға қолжетімді болуы тиіс», – деген тапсырмасы көпшілікке әсіресе, ауыл жастарына үлкен қолдау. Бізге білім беріп, болашаққа нық қадам жасауға себепкер болғаны үшін «Серпін – 2050» Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасының ұйымдастырушыларына айтар алғысымыз шексіз. Білім ала жүріп, Солтүстік өңірдің табиғатын, тұрмыс-тіршілігін ұнатып, оқуымды бітірген соң еңбек жолымды осы жақта жалғастыруды жоспарлап отырмын.Тағы да бір айта кететін жайт, «Серпін – 2050» бағдарламасы біздің асқақ армандарымыздың орындалуына себепші болды. Бағдарлама бойынша оқып жатқан әрбір студент осыны жақсы түсінуі тиіс. Неге десеңіз, бұл мемлекетіміздің бізге артқан үлкен сенімі, ал, біз болсақ сол сенімді ақтап, өзімізді жақсы қырларымыздан көрсетіп, оқу озаты болып, биік белестерді бағындыруымыз қажет. «Серпін» бағдарламасымен тек елімізде ғана емес, сонымен қатар, шет мемлекеттерде де оқуға жағдай жасалған. Демек, ертеңгі ел болашағы үшін аянбай еңбек етіп, егемен еліміздің абыройын асқақтатар азамат болатынымызға кәміл сенемін. Жоғарыдағы пікір мен көзқарас алып ұшқан арман жетегіндегі жастардың жүрек сөзі. Дегенмен, кітапхана мен жатақхана арасындағы қызықты студенттік шақ аяқталып, еңбекпен шыңдалатын үлкен өмірге тіктеп қараған сәтіндегі шынайылықтар басқаша болуы заңдылық. Жалақының мардымсыздығы, баспананың жоқтығы серпіндік түлекті аяғынан шалып келеді. Мұны біз ойдан шығарғанымыз жоқ, түлектің өз сөзінен ұқтық. Ақпараттандыру, яғни, жастарды «Серпін» бойынша білім алуға шақыру жайы да көңіл көншітпейді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ешқандай қаражат, жолсапар шығыны төленбейді. Осының салдарынан тегін білім алу мүмкіндігі бола тұра, жастарымыз өз аймағында қалып, керексіз маман иелерінің қатарын толықтырады. «Дайын асқа тік қасық» деп отырудың қажеті жоқ екені қоғамның қаперіне кірмейді деуден аулақпыз. Бірақ, жобаның жетілмеген тұстарының бар екендігін жасыра алмаймыз. Қазақта «жоқтан бар жақсы» деген аталы сөз бар. Тіпті, осы бір сөздерді негізге алып, көзге көрініп тұрған кемшіліктің өзін «кішігірім кемшілік» етіп елеусіз қалдыруға бейімбіз. Елемеген шыбықтың шырқ еткізетінін тиер тұсқа тигеннен соң мойындайтынымыз өкінішті-ақ. Біз баяндаған мәселелердің барлығын өз шәкірттерінің басынан өткеріп отырғандығына ұстаздар қауымы да алаңдаушылығын білдіруде.
Мәселен, Щучинск қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Назым Бектасова былай дейді:
– Біздің колледж 2014 жылдан бас-
тап бастау алған «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы бойынша оңтүстік жән батыс өңірінен келген студенттерге дәріс беруде. Бағдарламаның негізгі мақсаты еңбек күші көп аймақтардан кадр тапшылығы сезілетін өндіріс өңірлері мол жерлерге жас мамандарды тарту, оқыту және жұмысқа орналастыру екенін барлығымыз жақсы білеміз. 2017 жылдың ақпан айының соңында «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы» мамандығы бойынша білім алған алғашқы серпіндік түлектеріміз қолдарына диплом алды. 19 түлектің ішінде жетеуі – «үздік» ерекше дип-
ломмен бітірді. Дипломмен бірге барлығының қолдарына жұмысқа жолдама берілді. Жұмыспен қамту 100 пайыз орындалып, «Зеленстрой» және «Жасыл ел» ЖШС-іне жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда олардың кейбіреуі өз жерлеріне қайтып жатыр. Себебі, аз-мұз жалақысының тамағы мен жалға алған пәтер ақысынан артылмай қалуында. Әсіресе, баспана мәселесінің қиындығынан амалсыз осындай қадамға баруда. Бірақ, бұл мәселелер алдағы уақытта шешіледі деген үміттеміз.
Атқарылып жатқан істер бар, алайда, осылай жалғаса берер болса, оның еш кетпесіне кім кепіл?! Диқанның піскен дәнді уақытылы жинамауы, астықтың сапасының төмендеуіне әкеліп соқса, «Серпінмен» де солай болуы әбден мүмкін. Ел игілігі үшін қызмет ететін кәсіби маманның әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, ел индустриясының әлеуетінің де көтерілуі екіталай. Басында баспанасы жоқ жанның жарытып жұмыс істей қоюы қайдан болсын. «Серпінге» серпін беріп келгенімен, мемлекеттен осы жағынан қолдау көрмеген өрен күдерін үзген күреңдей, туған ел қайдасың деп тартып отырады. Жетіспейді маман, жоқты қайдан табам деп, тағы да қу шөппен ауыз сүртіп қала бермекпіз бе?!.
Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Суреттерде: «Серпін» бағдарламасының директоры Күлзия Тобатаева бағдарламаға қатысушы жастармен; Щучинск экология және орман шаруашылығы колледжінің 4-курс студенті Жарқынбек Амангелдиев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар