Көкшетау қалалық әкімдігінің қасында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін «Атамекен» орталығы ашылып, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істей бастады.
Мекемелер мен кәсіпорын басшылары, өңірдің кәсіпкерлері қатысқан орталықтың ашылу салтанатында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан салынған тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан бұл кеңсе уақытша пайдаланылатынын, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жаңа ғимаратын сатып алу үшін мәслихаттың сессиясында қаржы бөлінгенін айтып өтті. Орталықта бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп, маркетинг, кедендік рәсімдер, мемлекеттік жекеменшік серіктестігі мен ақпараттық технология салалары бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Лицензия-
лау және қаржыландыру бойынша қолдау жасалады. Мемлекеттік сатып алу мен заң мәселесі жөнінде кеңес беріледі. Әртүрлі бизнестің негізі оқытылады. Салтанатта «Көкшетау қалалық сүт зауыты» серіктестігінің директоры Әсен Жақсылықов пен облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Құсайын құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілектерін айтты. Бұдан кейін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көк лентасы қиылып, қатысушылар жаңа кеңсенің бөлмелерін аралап көрді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.