Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастардың – «Жасыл елі» - АРҚА АЖАРЫ

Жастардың – «Жасыл елі»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл міне, он екінші жыл өз жұмысын жалғастыруда. Бұл бағдарлама еліміздің түкпір-түкпірінде қолдауға ие болып, жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұған еліміздің жастары үлкен қолдау білдіруде. Жастарға экологиялық білім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриоттылыққа, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін маңызы зор.

Жасылелдіктер елдің тек қана көгалдануы мен тазалығын сақтауға ғана емес, оған қоса, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді. Елімізде өткізіліп келе жатқан кез-келген әлеуметтік, саяси іс-шараның бел ортасында жасылелдіктер жүретіні сөзсіз. Оған биылғы жылы Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен «Универсиада-2017-нің» маңызды нысандарының құрылысына «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мен студенттердің құрылыс жасақтарының жұмылдырылуы айқын дәлел.
Біздің облысымызда да жыл сайын жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату мен оларды еңбек нарығына бейімдеу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осындай бұқаралық жастарды қолдау бастамаларының бірі «Жасыл ел» бағдарламасы деуге болады. Осы күні «Жасыл ел» бағдарламасы жастардың нағыз бұқаралық қозғалысына айналып отырған жайы бар. Әсіресе, облысымызда жасақтардың қатарына «тәуекел топтары» деуге болатын сарбаздарды тартатын еңбекті ұйымдастырушы жасақтарға басты назар аударылуда. Еңбек жасақтарының басшылығымен жастар девиантты әрекеттерімен қоғамдық пайдалы қызмет етіп қана қоймай, әрі оған лайықты еңбекақысын алады. Бүгінгі таңда «Жасыл ел» бағдарламасының «тәуекел топтарында» күніне 40 адам қатысады. 2017 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру үшін бюджеттен 48 миллион теңге бөлінді. Ағымдағы жылы «Жасыл ел» қызметімен облысымыздағы барлық аудандар, Көкшетау мен Степногорск қалалары қамтылды.
Жалпы, Ақмола облысында 2005 жылдан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 9331 адам жұмыс істеген, олар 10 890 гектар алқапта орман шаруашылығы жұмыстарын атқарып, 2 миллион 750 мың жас ағаштар отырғызған. Жыл сайын облыста «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасы аясында жас-
тарды маусымдық жұмыспен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында 985 жасылелдік жұмыспен қамтылды, олардың орташа жалақысы шамамен 35 мың теңге болды. Жалпы, студенттік еңбек жасақтарына ағымдағы жылы 2520 жас жұмысқа орналастырылғанын айта кету керек.
Бала тәрбиесінде ең бастысы – оны еңбекке баулу. Еңбексүйгіш жас қана жөні түзу азамат болып қалыптасады. Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы да осыны меңзейді. Сондықтан, еліміздің келешегі – жастар мемлекеттің игілігі жолында еңбек ету қажеттігін түсінгендері жөн. «Жасыл ел» бағдарламасы міне, осыны көздейді.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар