Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылда өткен семинар - АРҚА АЖАРЫ

Ауылда өткен семинар

Қорғалжын аудандық мәслихатының сәуір айында өткен кезекті сессиясында жұмысы үлгілі болып танылған Қарашалғын ауылдық округінде мәслихат депутаттарының семинарын өткізуге шешім қабылданған еді. Осыған орай, таяуда аудандық мәслихат депутаттары Қарашалғын ауылдық округіне қарасты Жантеке ауылында семинар өткізді.

Ауыл әкімдері мен жергілікті мәслихаттың арасындағы байланысты нығайту, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жетістіктері бар ауылдарды үлгі ретінде көрсетіп, олардың жақсы істерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған семинар көңілден шықты деп айтуға болады. Бұл іске мұрындық болған аудандық мәслихаттың экономика, ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Бәтжан Мәжитқызы екендігін айта кеткен артық болмас. Семинарға аудандық мәслихат депутаттарымен бірге, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық бөлімдердің басшылары мен аудан әкімі аппаратының мамандары қатысты.
Семинар-кеңестің бірінші кезеңінде оған қатысушылар Жантеке ауылының тұрғындарын имандылыққа ұйытып отырған мешітте болды. Ауыл тұрғындарының демеушілігімен заман талабына сай сәулетпен тұрғызылған айшықты мешітті аралап көрген қонақтар шағын ауылдағы имандылық ұясының бейнесіне риза болысты. Мұнда апта сайын жұма намазы оқылып, түрлі діни мерекелер өткізіліп тұрады екен.
Семинарға қатысушыларды «Балбөбек-Алина» бала бақшасының бүлдіршіндері әдемі ән және тамаша тақпақпен қарсы алды. Өткен жылы ғана пайдалануға берілген бала бақшаның бой көтеруіне аудандық мәслихаттың депутаты, «Ақжол-2020» ЖШС-інің директоры Бекет Досанбаевтың үлес қосқанын атап өтсек артық болмас. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде салынған бала бақшада бүлдіршіндердің ойнап, демалуы, тәлім-тәрбие алуы үшін қажетті барлық жағдайлар қарастырылған. Ғимаратты аралап көрген қонақтар балаларға осындай тамаша сыйлық жасаған серіктестіктің мына ісіне риза болысты.
Ауылдағы орта мектепте қонақтар тағы да күтпеген есте қаларлық жайға тап болды. Ағылшын тілінде оқып жатқан 5-ші сыныпқа кірген кезде аудан әкімі Қайыр Рыскелдинов балаларға ағылшынша сұрақ қойғанда, оқушылар еш мүдірмей ағылшынша жауап берді. Мектептің екінші қабатындағы фойе-де жол жүру белгілері, жаяу жүргіншілер өтетін жолақ – бәрі балалардың жолда жүру ережелерін үйренулеріне жағдай жасайтыны көрініп тұр. Мұның бәрі ауылдың қалталы азаматтарының қаржылай көмегінің арқасында жасалған екен. Балаларға мектеп табалдырығынан жолда жүру ережелерін үйретуге жағдай жасайтын бұл бастамаға семинарға қатысушылар ерекше ілтипат танытты.
Семинарға қатысушылар одан әрі «Ақжол-2020» ЖШС-інің мал бордақылау алаңында болды. Ауыл тұрғындарына күнкөрістік жұмыс беріп, одан қалды ауылдағы әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім нысандарын ұстауға қаржылай жәрдем көрсетіп отырған серіктестік шаруашылығын өрге бастырып, заман талабына сай мал шаруашылығын дамытып отырғаны мал бордақылау алаңындағы шаруалардан анық байқалды. Мал бордақылау алаңында бір мезгілде 2000 бас малды ұстауға болады екен. Қазіргі күні мұнда 950 бас мал бордақылануда. Оның 300-і қара мал болса, 200-і жылқы, қалғаны қой түлігі. Серіктестікте бүгінгі күні 1200 бас түлік бар. Мал басын алдағы уақытта одан әрі өсіреміз дегенді айтады серіктестік директоры.
Семинардың екінші кезеңінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәуле Нүркенова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру жайына көңіл аударды. Аудандағы агротехникалық колледж директорының орынбасары Сағадат Қарабекқызы латын әліпбиіне көшу жа-йында ой-пікірімен бөлісті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Жұмабаев жаңадан партия қатарына қабылданғандарға мүшелік билетті тапсырды. Қарашалғын ауылдық округінің әкімі Құсайын Хасенұлы слайд арқылы ауылдағы атқарылып жатқан шаруа-ларды баяндап берді. Семинар-кеңестің жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Қайыр Рыскелдинов ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын бере отырып, мұндай семинарларды алдағы уақытта да жалғастыратынын айтты.

Өмірбай БАЛҒАБАЕВ,
Қорғалжын аудандық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар