Мас жүргізуші азаяр емес

«Рульге арақ ішіп отыру – қылмыс» деген жазуы бар плакаттар кеңес заманында күре жолдардың бойында ілулі тұратын. Шынында, ақыл-есті айыратын алкогольді ішімдік ішкен адамның автокөлік жүргізуі жол апаты оқиғасы қаупін арттыра түсетіні кім-кімге де белгілі жай. Кеңес заманында да машина руліне мас болып отыратындар аз болмайтын, дегенмен, ол кезде бүгінгідей емес, автокөліктер аз болғандықтан ба, осындай себептен болатын апаттар дәл қазіргідей көп емес-ті.

Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда Үсенов деген бір бақуатты шенеуніктің баласы автокөлік руліне удай мас болып отырып, аялдамада автобус күтіп тұрған жолаушыларды қатты жылдамдықпен келіп, қағып өткенін білеміз. Соның салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапқан еді. Сорақылығы сол, апатқа кінәлі Үсенов соның алдында да мас болып рульде отырғаны үшін жазаланып, машина жүргізу құқығынан айырылған екен. Соған қарамастан, көлігіне арақ ішіп алып отырып, жоғарыда айтылғандай апатқа жол берген еді. Сол кездегі заңның осалдығы ма, кісі өлтірген Үсенов осы әрекеті үшін небары 45 тәулікке қамауға алынумен құтылған болатын. Осы сабақ болды ма, кейінірек депутаттар заңға өзгеріс енгізіп, мұндай апатқа кінәлілерді жазалауды қатаңдатты.

SONY DSC

Өкінішке орай, алматылық Үсеновтың жолын қуушылар біздің облысымызда да аз кездеспейді. Биылғы жылдың
2 шілдесінде Щучинск-Бурабай тас жолының бойында жол полициясы қызметкерлері «ВАЗ-21099» көлігін тоқтатады. Рульде отырған 1989 жылы туған азаматтың аузынан арақ иісі аңқып тұрған соң медициналық тексеруге жібереді. Тексеру қорытындысы көрсеткендей, оның арақ ішкені анықталды. Арақ ішіп машина айдаған жігіт осының алдында да сондай қылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36 айға автокөлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Өткеннен сабақ алмаған жігіт тағы да ескі әдетіне басып, жүргізушілік куәлігінің жоқтығына қарамастан машинаға мас болып отырған. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалуда, – дейді ішкі істер департаментінің өкілі.
Биылғы жылдың басынан бері облысымыздың аумағында автокөлікке мас болып отырғандарға қатысты 1200 оқиға тіркеліпті. Әрине, жазықтылардың бәрі заң шеңберінде жазаға тартылған. Десе де, содан сабақ алып жатқандар көп емес тәрізді. Оған дәлел, таяуда «Мас жүргізуші» акциясы ұйымдастырылып, бірнеше күннің ішінде автокөлік руліне арақ ішіп алып отырған 34 жүргізуші ұсталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-тармағына сәйкес, автокөлік руліне арақ ішіп отырған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 90 тәулікке қамауға алынады. Иә, бес жүз айлық көрсеткіш деген қалтаға тәп-тәуір салмақ түсіретін қомақты сома. Ал, арақ ішіп машина жүргізуді қайталаған адамдар қылмыстық жауапқа тартылмақшы. Осылайша бүгінгі заң мас жүргізушілер үшін онша қолайлы болып тұрған жоқ. Десе де, осының бәріне қарамастан, автокөлікке арақ ішіп отыратындар қатарының азаймауы алаңдатады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-тармағына сәйкес, автокөлік руліне арақ ішіп отырған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 90 тәулікке қамауға алынады.

Биылғы жылдың басынан бері облысымыздың аумағында автокөлікке мас болып отырғандарға қатысты 1200 оқиға тіркеліпті. Әрине, жазықтылардың бәрі заң шеңберінде жазаға тартылған. Десе де, содан сабақ алып жатқандар көп емес тәрізді. Оған дәлел, таяуда «Мас жүргізуші» акциясы ұйымдастырылып, бірнеше күннің ішінде автокөлік руліне арақ ішіп алып отырған 34 жүргізуші ұсталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар