Зағиптар қоғамында болды

Облыстық әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясының аясында түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда болып, адамдарға қолданыстағы заңдарды, өз құқықтарын қорғау жайын түсіндіріп, құқық саласындағы жұртшылықты толғандыратын сауалдарға жауап беруді дәстүрге айналдырған. Таяуда департамент мамандары зағиптар қоғамында болып, тегін құқықтық кеңес берді.

Алдымен әділет департаментінің қызметкерлері қолданыстағы заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, медициналық сақтандыру, адвокаттық көмек көрсету сияқты мәселелер жайында әңгімеледі. Тағдыр талқысымен көз жанарларынан айрылып, зағип болып қалса да, еңбектен қол үзбей, жұмыс істеп жүргендер аз емес. Олар үшін өз құқықтарын білу, қолданыстағы заңдар жайында ақпарат алудың мәні зор. Кездесу соңында әділет қызметкерлері өздеріне қойылған түрлі сауалдарға жауап берді.

Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар