Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мешітте хиджама кабинеті ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Мешітте хиджама кабинеті ашылды

Тұңғыш Президент күні Науан хазірет мешітінде шариғат жолымен ем жасаудың бір түрі – хиджама жасауға арналған кабинет ашылды.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит және Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық мектеп директоры Марат Қойшин алқызыл лентаны қиып, жаңа қызмет түрін қолға алған ақ халатты дәрігер Асхат Молдашқа ізгі тілектерін білдірді.
Бұл ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мұсылманша ем жасау жолы ғана емес, Алланың елшісінен (с.ғ.с.) қалған сүннет екендігін өкіл имам тілге тиек етті. Оның айтуынша, мұндай кабинетті ашу ертеден жоспарланған екен. Осыған орай, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық медициналық академиясын емдеу ісі бойынша бітіріп, бүгінде дәрігер болып қызмет ететін Асхат Молдаш Әзірет сұлтан мешітінде арнайы хиджама курсында оқып қайтқан. Жұртшылыққа есігін айқара ашқан хиджама кабинеті осы заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ем жасау процесі де қатаң дәрігерлік қадағалауда жүзеге асырылады екен. Дәрігер Асхат Молдаш әзірге мұнда тек ер адамдарға ғана қызмет көрсетілетінін айтты. Алдағы уақытта бұл шариғатша ем жасау қызметінің аясы кеңейетін болады. Енді мешіт намаз оқитын ғана емес, адамдардың денсаулығын сақтауға да игі ықпалын тигізетін орын болады деген үміт бар. «Денсаулықты сақтау сүннет, өйткені, барлық тағат ибадаттар сол арқылы жасалады» деген Пайғамбарымыздың сөзі осылайша нақты іске асырылмақшы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар