Сатушылардың бәрі осындай болса ғой…

Дүкеннен үйге қажетті заттарымды алып, кассада тұрсам, менің алдымда екіқабат келіншек темекі мен сыра сатып алайын деп тұр екен.

Оның екіқабат екендігін байқаған кассир қыз:
– Кешіріңіз, біздің дүкенде 18 жасқа, яғни, кәмелетке толмаған адамдарға темекі мен алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салынған, – деді. Әлгі келіншек ашуланып:
– Ал, мен 24 жастамын. Ненің қажет, ненің қажет еместігін өзім білемін, ақшасын төлеп тұрмын ғой, – деп дөрекі сөйледі.
– Кешіріңіз, мен сізді айтып тұрған жоқпын, әлі дүние есігін ашпаған ішіңіздегі сәбиіңіз туралы айтып тұрмын. Алдымен, ол дүниеге келіп алсын, сосын 18-ге аман-есен жетсін. Содан кейін темекіні шегетінін, не шекпейтінін, сыраны ішетінін, не ішпейтінін өзі шешеді, – деді де темекі мен сыраны бөлек алып қойды.
Осындай кассирлер бүкіл дүкендерде болса ғой, деп әлгі жас қыздың іс-әрекетіне риза болып шықтым.
Ы.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар