Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халқы да қалың, талабы да көп - АРҚА АЖАРЫ

Халқы да қалың, талабы да көп

Қараөткел ауылдық округінде жергілікті билік өкілдері жұртшылықпен жүздесіп, жағдайларын білді. Кездесу кезінде айтылған біраз мәселелер біртіндеп шешілетін болды.

Қараөткел – Астана қаласынан 14 шақырым жерде орналасқан, қарқынды дамып келе жатқан ауылдардың бірі. Халқының саны бүгінде 20 мыңнан асады. Ауылда екі мектеп, жеті бала бақша және бір дәрігерлік амбулатория бар. Биыл ұзындығы 87 шақырымды құрайтын электр желісінің құрылысы аяқталды.
Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы 1 миллиард 200 миллион теңге қаржы бөлініп, екі ірі жоба қолға алынды. Ол жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Қараөткел ауылы Елордаға жақын орналасқандықтан, мұнда қоныстанушылар қатары жыл санап көбейіп келеді. Күніне елу адамға дейін қабылдайтын амбулаторияға 3200 адам тіркелген. Ал, жеті мың адам Астана қаласының №12 емханасында тіркеуде тұр. Кездесу кезінде тұрғындар медициналық қызмет, ауыз су, жол мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.
Ауыл тұрғыны Мұрат Жағыпаров:
– 2003 жылы бұл алқапта мүлде үй болмаған. Ал, бүгінде екі үлкен ауылға айналды. Жарық жүргізіліп, жол салынды. Мәселе бір күнде шешілмейді. Жергілікті билік тарапынан қыруар іс атқарылып жатыр, – деп осы шаралардың арқасында ауыл жағдайының біршама жақсарғанын тілге тиек етті.
Билік өкілдері және ел ақсақалдары қатысқан жиналыста көтерілген барлық мәселелер кешенді жоспар аясында біртіндеп шешілетіні айтылды.

Дәурия ДӘУЛЕТИЯР,
Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар