Медициналық сақтандыру қалай жүзеге асырылуда

Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрігерлік қызмет көрсетуге медицина ұйымдарының өтініштері қабылдануда. Медициналық көмек көрсетуге үміткер ұйымдардың жартысына жуығын жекеменшік клиникалар құрап отыр. Еліміз бойынша тізімдегі медициналық ұйымдардың жалпы саны 1600-ден асады.

Соның ішінде, біздің облыстан 63 медициналық мекеме әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жүзеге асырылып жатқан бұл науқанға қатысуға өтініш білдірген. Осы орайда, жекеменшік клиникалардың белсенділігін ерекше атап өтуіміз қажет.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Ерік Байжүнісовтың айтуынша, қор түскен барлық өтініштерді үстіміздегі айдың ортасына дейін сараптап, медицина ұйымдарын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалауды жоспарлап отыр. Олардың арасында кадр-
лар құрамы мен материалдық-техникалық жабдықталу деңгейі, соңғы үш жылда атқарған қызметіне қатысты мәліметтер, расталған, негізі бар шағымдар, тағы басқа көрсеткіштер бар. Сараптама нәтижесінде медицина ұйымдарының қызмет көрсету деңгейі, қауқары анықталады. Мемлекеттік клиникаларға да, жекеменшік ауруханалар мен емханаларға да теңдей жағдай жасалады.
Биылғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық емхана таңдау құқығын пайдаланды. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштен екі есе көп. Ендеше, бұл жұртшылық тарапынан тіркеу науқанына деген қызығушылық артып, азаматтардың компания мен емхана таңдау құқығы жайлы көбірек біле бастағанын растаса керек. Қазірдің өзінде қазақстандықтардың едәуір бөлігінің жекеменшік клиникаларға тіркелуге ниет білдіргені анықталып отыр.
Жалпы, еліміз бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 18 миллионнан астам адам тіркелген. Тәртіп бойынша емханаға тіркелу құқығын пайдаланбаған азаматтар автоматты түрде тұрғылықты жеріндегі денсаулық сақтау нысанына тіркеледі. Тұрғындар өзінің қай емханаға тіркелгенін e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы біле алады. Бұл туралы нақты баяндайтын нұсқаулықтар мен инфографикаларды Қордың ресми сайтынан алуға болады: https://fms.kz/ru/content/poleznye-materialy

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар