Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкім тікелей эфирде көрермендермен жүздесті - АРҚА АЖАРЫ

Әкім тікелей эфирде көрермендермен жүздесті

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин тікелей эфир барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Астана қаласының айналысында азық-түлік белдеуін, Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту шараларына назар аударылды. Аграрлы облыста ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салалары мен шағын жəне орта бизнесті дамыту мəселелері де қамтылды. Осы ретте, өңір басшысы Ақмола облысы делегациясының Қытай Халық Республикасының Хэбэй провинциясына жұмыс сапарының қорытындысына тоқталды. Хэбэй провинциясының губернаторы Сюй Цинь тараптардың бауырластық мәртебесі негізінде бірнеше шараларды жүзеге асыруды ұсынғанын, сондай-ақ, өнеркәсіп құрылымдарының өкілдерімен тоғыз іскерлік кездесу өткізілгендігін көрермендерге жеткізді.
Алғашқы болып облыс əкіміне сұрақты Зеренді ауданының тұрғыны Күлəш Сәрсенқызы Ивановка жəне Қазақстан ауылының тұрғындары атынан жолдады. Телефон арқылы жолдаған өз сауалында ол аталмыш елді мекендердің балалары Ақкөл ауылындағы орта мектепте тасымалданып оқитынын айтты. Осыған орай, автобус мəселесін шешіп беруге атсалысуын сұрады.
– Сауалыңыз түсінікті. Мен аудан әкіміне аудандық бюджеттен қаржы қарастырып, осы мəселені шешіп беруге тапсырма беремін. Аудан əкімі Асқар Мұратұлы мұнымен міндетті түрде айналысатын болады, – деді облыс əкімі.
Целиноград ауданы Талапкер елді мекенінің тұрғыны Асхат Оянов ауылында жарық мəселесі күрделі болып отырғанын айтып, оның қашан шешімін табатынын сұрап білді.
– Талапкер ауылында бірнеше рет болдым. Бұл мәселеден құлағдармын. Станцияаралық электр желілері салынды. Енді оны АРЭК компаниясына балансқа беру мəселесін шешіп жатырмыз, – деді облыс әкімі.
Жалпы, тікелей эфирде облыс тұрындары бүгінгі күннің өзекті мәселелері, облыстың одан әрі даму жоспарлары, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысымен бірге, әкімнің жеке отбасы туралы да өз
аузынан естіп білді. Жүргізуші өңір басшысына бағдарлама барысында сан алуан сұрақтар қойылғанын, оның ішінде оқырмандар әкімнің отбасы туралы білгісі келетінін айтты.
– Зайыбым мамандығы бойынша педагог. Тарих пәнінің мұғалімі. Мен Петропавлда жұмыс істегенде «Мектеп ТВ» арнасында балалар бағдарламасының продюсері болды. Үлкен қызым осы бағдарламаны жүргізді. Кейін оған бұл мамандық ұнады. Ағымдағы жылы унверситетті журналис-
тика мамандығы бойынша тəмамдайды. Әрі қарай өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келеді. Екі ұлым осы Көкшетаудың мектебінде оқиды. Балаларыма әсіресе, Зерендіде болған қатты ұнайды, – деді аймақ басшысы.
Тікелей эфир барысында негізінен жол, ауыз су, жарық, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары, тұрғын үй құрылысы, жер телімінің кезегі, қоғамдық көліктерді жаңғырту бағытында сауалдар жолданды. Облыс әкімі қойылған осы сұрақтардың барлығына өзіне бөлінген уақыттың аздығына қарамастан толыққанды жауап берді.
Жалпы, 1 сағаттан астам уақыт бойы жалғасқан бағдарлама кезінде Call-орталыққа 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Оның барлығына жауап беруге эфирдегі уақыт шектеулі болды. Сондықтан, бұл сауалдар облыс әкімі аппаратына жолданып, әр сұрақ иесіне мүмкіндігінше толыққанды жауап берілетін болды.
Бұдан кейін аймақ басшысы аталмыш телеарнада ашылған кітапхана мен баспасөз мұражайын аралап көрді және ұжымға жаңа микроавтобустың сертификатын тапсырды.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар