Ынтымақтастық

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесі мен Көкшетау қалалық әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Құсайынның күш-жігерімен қол жеткізілген меморандум әйелдердің қазіргі бизнестерінің дамуына және кеңеюіне әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысуды көздеп отырған қыз-келіншектерді қолдап, ақыл-кеңес беруге бағытталған.
–Бүгінгі таңда әйелдер кәсіпкерлікке белсене қатысуда. Бұл қазіргі нарық заманының талаптарынан туындап отыр. Біздің алдымызда қыз-келіншектердің осы орайдағы әлеуетін арттыру міндеті тұр. Бүгін қол қойылып отырған меморандум осы мәселелерді қамтиды. Соның ішінде, кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру және қаржы ресурстарына қол жетімділікті арттыру мәселелері басты маңызға ие. Біз жергілікті атқарушы орган ретінде әйелдердің осы тұрғыдағы кез-келген бас-
тамасын қолдаймыз, – деп атап көрсетті өз сөзінде Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев.
Екі жақ та бұл меморандумның әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда, қайырымдылық шараларын, тренингтер, семинарлар мен сұхбат алаңдарын ұйымдастырып, қоғамдық жұртшылықты кәсіпкерлікке тартуда маңызды рөл атқаратынына сенімді.
–Біздің бастамаларымыздың жүзеге асуы үшін жергілікті биліктің көмек-қолдауы керек. Мұндай әріптестік іскер әйелдер кеңесінің мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайта түседі. Меморандум әйелдер бизнесін дамытып, оның түйінді мәселелерін шешуде біздің мақсат мүдделерімізді ортақ бір арнаға тоғыстыратынына сенім мол, – деді меморандумға қол қою барысында Гүлмира Құсайын.

Әсел Мұхамед-Әмин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар