«Мет-777» серіктестігі әзірлеген кешенді жылыжай Сабынды ауылы тұрғындарына 15 жаңа жұмыс орындарын ашып беріп отыр.
288 миллион теңге көлеміндегі инвестициялық жоба аудан экономикасына үлесін қосып, бюджеттік түсімді ұлғайтуға ықпал етері сөзсіз. Осы нысанда өндірілетін көкөністер ел Астанасы мен аудан орталығы тұрғындарын қамтып отырады. Аталған өндірісті аша отырып, аудан әкімі Қайыр Рыскелдинов құрылтайшысы Марат Жүнісов, серіктестік директоры Данияр Жақыповтың істеріне үлкен сәттілік тіледі. Өңір басшысы әрбір жаңадан ашылған кәсіпорын – ел экономикасын дамытуға үлесін қосар жоба болып табылатынын айтты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған бұл жоба Қорғалжын ауданы тумаларының өзге қалаларда жүрсе де, туған еліне дамыған кәсібінің бір бөлігін бұруы – бұл туған өлкесіне деген сүйіспеншілік пен құрмет», – деп атап өтті аудан әкімі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.