Жүректе жүрген төрт бейне

Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы фашистік Германияны жеңгеніне 80 жыл толуына байланысты мереке қарсаңында мен ата-бабаларымның, сол сұрапыл соғыстың жауынгерлерінің өшпес ерлігіне бас иемін. Оларға мәңгілік тағзым!

ХІХ ғасырдың басында біздің арғы атамыз Байназар ауылына, яғни, Еңбекшілдер (Біржан сал) ауданына қарасты Жаңалық ауылына сол кездегі Омбы облысының «Севкрай» деп аталған Называев ауданынан көшіп келген. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз Бағыс, Тілен, Ыбырай, Әбутәліп дүниеге келіп, өмір сүрген. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ауыр ашаршылықта атамыз Әбутәліп отбасымен бірге Көкшетау қаласына жақын орналасқан Чкалов ауданының Аймақ ауылына көшіп келеді. Әбутәліп жас кезінде, яғни, 1935 жылы қайтыс болып, қазіргі Зеренді ауданы Өркен ауылында жерленген.

Оның ұлы Мүтәллап Кеңес өкіметінің қазақ даласына әкелген жаңа өзгерістерін қуанышпен қабылдады. Ол Қызыл отаулар ашып, Аймақ пен Қошқарбай ауылдарында жұмыс істеді, Көкшетау аудандық партия комитетінің хатшысы, Қызылсая мектеп-интернатының директоры болды.

1940 жылдары Қызылсая ауылынан екі ағайынды Әбутәліповтер – Мүтәллап пен Әшім Отан қорғауға аттанды. Өткен ғасырдың 1980 жылдары ауылымыздың ақсақалдары Мүтәллап ұстазды жылы лебізбен еске алып, аштық жылдары бауырына басып, білім нәрімен сусындатқанын тілге тиек ететін.

Мүтәллап 1942 жылы Ленинград майданында шайқасты, ауыр жараланып, ұзақ уақыт Вышний Волочек қаласындағы әскери госпитальда емделді. Ол жерден соңғы майдандық хаттарының бірін жазып, ауылдас жерлестері Қасым Шүйкенов және Баттал Хамзинмен кездескенін хабарлаған.

Мүтәллап 1944 жылы 26 қаңтарда Киев облысы, Ракитян ауданы Калиновка ауылында ерлікпен қаза тапты. Корсунь-Шевченко жеріндегі шайқаста Отан үшін жан тапсырған 1000-нан астам кеңес жауынгері үшін бұл жер бауырластар зираты, тарихтан сыр шертетін монумент болып қалды. Ал, біз өзіміз үшін асқар тау әке, жанашыр жан ретінде мәңгілік есте қалған Мүтәллаптың әр хатын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманаттаудамыз.

Калиновкада жауға қарсы әртүрлі ұлт өкілдері соғысқан. 7 қызыл әскерге ескерткіш тақта орнатылды. Мүтәллап атамыздың ерлігі туралы 512 атқыштар артиллериясы батальонының екінші ротасы сержантының марапат парағынан мынадай жолдарды көруге болады: «Қызыл әскер М.Әбутәліпов басқарған бөлімше 1944 жылы 26 қаңтарда Калиновка елді мекенін барлау шайқасына кірді. Бірінші болып жау шебіне ұмтылып, бір үйге бекініп, қорғаныс ұйымдастырды. Фашистер үйді өртеді, шайқас ашық далада жалғасты. Мүтәллап Әбутәліпов және оның сарбаздары соңына дейін шайқасты, бірақ, тұтқынға берілген жоқ. Ол Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденіне лайық. Ұсынғандар: 512 ОПАБ майоры Анучкин мен штаб бастығы аға лейтенант Гондаренко».

2020 жылы қазан айында Көкшетау қаласында өткен салтанатты шарада орденді Ресей Федерациясының Қазақстандағы өкілі Софья Гальчинадан Әбутәліпов Мүтәллаптың шөбересі Батырхан қабылдап алды. Әбутәліповтер отбасы бірнеше рет Украинаға біздің ұлы атамыз Әбутәліпов Мүтәллапты еске алып, тағзым етуге бардық.

Бірақ, қазір біз мұндай еске алу сапарын жасай алмай отырмыз. Украинадағы белгілі жағдайларға байланысты байланысымыз үзілді, Ольга Петровнаның жолдасы Василий Иванович Литвин қайтыс  болды. Ол адам Калиновкадағы «Синявское» АҚ-ның  басшысы болған, қаза болғандардың есімін мәңгілік   есте қалдыруға көп еңбек сіңірген тұлға.

Мүтәллаптың 1912 жылы туған інісі Әшім Қызылсая мектеп-интернатында мұғалім болып жұмыс істеп, 1941 жылы 10 шілдеде Көкшетау аудандық әскери комиссариатынан Отан қорғауға шақырылған. Атты әскерде, атқыш,  ауыр пулемет командирі, СУ-76-ның жүргізушісі болды.

1944 жылы 26 шілдеде ауыр жараланады. Майданнан оралған соң Көкшетау облысында мұғалім, колхоз, ауылдық Кеңестер төрағасы болып жемісті еңбек етті. Соғыс жылдарындағы ерлігі және бейбіт өмірдегі адал еңбегі үшін бірнеше марапаттарға ие болды. Ағасы Мүтәллап қайтыс болғаннан кейін көп балалы отбасының бар уайымы оның мойнына түсті. Әрі інісі Нарбайды, қарындасы Күлбарды, немере інісі Чапайды, өзге балаларды тәрбиелеп, өсіріп, азаматтық борышын абыроймен атқарды. 1978 жылы қайтыс болды.

Менің әкем – Әбутәліпов Әшім. Ол өте қарапайым және еңбекқор адам болатын. 1950 жылдары Көкшетау ауданы «Елтай» колхозының төрағасы болып, қой шаруашылығына арналған қамыс қораларын салуды ұйымдастырды. 1954 жылы 9 шілдеде өткен пленумда Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы Л.И.Брежнев Елтай ауылына келіп, оның еңбегін жоғары бағалады. Осы жетістігі үшін оған «Москвич» автокөлігі сыйға тартылды.

1960-1968 жылдары «Александров» (кейін «Молодежный») совхозында №3 бөлімшенің меңгерушісі болып, механикалық астық тазарту қондырғысын салды. Ол аудандағы бірінші қондырғы еді. Алдыңғы қатарлы тәжірибесі облыстық «Сталин туы» газетінің 1954 жылғы 29 шілдедегі санында жарияланды. Ауылдастары Сабыржан Исаев, Владимир Король, Александр Греция, Гензе Александров және тағы басқалары жақсы жұмыс істеді.

Отбасымыздың тағы бір боздағы – Серікбай Ибраев. 1920 жылы туған Серікбай Әбутәліповтер отбасында тәрбиеленді. Ол Брест қамалында әскери қызметте жүрген кезінде соғыс басталып, содан бері одан ешқандай хабар болмады.

1920 жылы туған Мүтәллап пен Әшімнің немере ағасы  Серікбай Ибраев 1930 жылдардағы ашаршылықтан кейін жетім қалып, Әбутәліповтер отбасы асырап алған. Көкшетау қаласындағы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Брест бекінісінде қызмет етті. Отбасы оның әскерден келген сирек хаттарын сақтай алмаған, тек фотосуреттері ғана қалды.

Жарықтық қайын атам – Зейкен Шаполайұлы Шаполаев менің зайыбым Светлананың әкесі. 1925 жылы 20 наурызда №6 ауылда (Еңбекшілдер  ауданы, Қосдәулет ауылы) дүниеге келген. 18 жасында Щучье аудандық әскери комиссариатынан Отанын қорғауға аттанды. Тейково қаласындағы 8-ші гвардиялық десанттық бригаданың қатардағы жауынгері, Прибалтика майданының 47-атқыштар дивизиясы құрамында шайқасты. Шауляйда кіші лейтенанттар даярлайтын жеделдетілген курсты бітіріп, генерал-лейтенант Крейзер басқаратын 56-армия 276-полкінің  взвод,  рота командирі  болып тағайындалды.

І және ІІ Прибалтика, Ленинград майдандарында соғысты. Екі рет ауыр жарақат алды, «Қызыл Жұлдыз» ордені және басқа да көптеген медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін ішкі істер органдарында қызмет етті. Ол өте талапшыл, бірақ, әділ,  өз ісіне адал маман еді. Зейкен Шаполаев 1982 жылы 57 жасында дүниеден өтті.

І-ІІ Балтық және Ленинград майдандарында соғысқан. Соғыс жылдарында екі рет жараланды. 1943 жылдың қыркүйегінде және 1944 жылдың шілдесінде. Атқыштар ротасының командиріне дейін көтерілді. Советтік Балтық жағалауын азат  ету кезіндегі шайқастарға қатысып, сол кезде «Қызыл Жұлдыз» орденімен және жауынгерлік медальдармен марапатталды. Бөлімше командирінің батылдығы, жайсаңдығы мен жауынгерлеріне қамқорлығы  туралы Зейкен Шаполаевты өзінің жазушы жауынгері де еске алады. Мәскеулік Юрий Лесков Орел-Курск доғасындағы бір жекпе-жектің барысын сипаттайды. (1985 жылғы «Сельская Новь» журналы №4, 1988 жылғы 28 қаңтардағы «Красное знамя» газеті).

Бейбіт уақытта Зейкен Шаполаев ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып, Щучье, Еңбекшілдер, Қызылту, Ленинград аудандарында ішкі істер органдарында жұмыс істеді. Әр жылдары бұрынғы Көкшетау облысының Чистополь, Көкшетау аудандарында милиция бастығы болған. Ол жанқиярлықпен өзінің сүйікті жұмысына толығымен берілді. Оның өмір жолы үлкен кәсіпқойлықпен, тәртіптілікпен, ең алдымен, өзіне және бағыныштыларға деген талапшылдықпен ерекшеленді. Сонымен бірге, З.Шаполаев тәлімгер, жанашыр жолдас болды, өз тәжірибесін жас қызметкерлерге ықыласпен жеткізді. Жұмысты оқумен ұштастыра отырып, Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін сырттай бітірді. 35 жыл бірге тұрған зайыбы Гүлсім Хамзақызымен бірге алты бала тәрбиелеп өсірді. Ол әкесі Шаполай мен анасы үшін қамқор ұлы болды. Зейкен Шаполаев 1982 жылы 57 жасында қайтыс болды.

Естеліктер мәңгі сақталады. Біздің аталарымыздың ерлігі мен еңбегі  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олардың жауынгерлік рухы, адалдығы мен патриотизмі біз үшін үлгі. Ұлы Отан соғысының қаһармандары  ешқашан ұмытылмайды!

Абай ӘБУТӘЛІПОВ,
майдангерлердің ұрпағы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар