Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел қуаты – бірлігінде - АРҚА АЖАРЫ

Ел қуаты – бірлігінде

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастырумен «Қазақстан-2050» Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті отырысы Көкшетау сүт зауытының қабырғасында өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ, жас-тар, қоғам қайраткерлері мен зауыт жұмысшылары қатыстып, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер мен биік белестерге қатысты өз ойларын ортаға салды.

Кеңес отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деген Елбасы сөзін тілге тиек етіп, ұлттық санаға ең алдымен, әсер ететін күш – ана тілі екенін, сондықтан, тілімізді реформалау ұлттық сананы жаңа деңгейге көтеретін қадам болып табылатынын ерекше атап өтті. Ал, профессор, тарих ғылымдарының докторы Тахир Мухамадеев зауыт жұмысшылары алдында тәуелсіздік шежіресіне көз жүгіртіп, тарих жылнамасындағы биылғы жылға шолу жасап өтті. «Бұл жыл барлығымыз үшін де ерекше айтулы, жағымды жаңалықтар мен игілікті істерге толы жыл болды. Ең алдымен, Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы, рухани жаңғыруға бастаған бағдарламалық мақаласы және қазақ алфавитінің латын қарпіне көшірілуі сияқты жағымды жаңалықтармен ерекшеленді», – деп атап өтті ол.
– Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек өркениетке, мәдениетке және ғылымға жол салған кез келген мемлекет ең алдымен елдің дамуына ерекше көңіл бөледі. Осы жолда Елбасымыз Тәуелсіздік алған күннен бастап ұлтжандылық рухты көтеруге баса назар аударды. Ендігі біздің рухани даму, өркендеу жолымыз қазақ тілінің заманға сай жаңа әліпбиін жасаумен, жас-тарымызды ұлтжандылыққа тәрибелеумен ұштастырылуы керек», – деді Тахир Мухамадеев. Сондықтан, «100 жаңа есім» жобасына қатысып, номинант атанған Наталья Дементьева көпшілікпен өз ойымен бөлісті.
Қоғам қайраткері, «Ақмола–«Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиев та сүт за-
уыты қызметкерлерін ұлық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов белсенді қызметкерлер мен жұмысшыларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Жиын соңы арнайы дайындалған мерекелік концертке ұласты.
«Нұр Отан» партиясы
АОФ баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар