Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сөзбен емес, іспен - АРҚА АЖАРЫ

Сөзбен емес, іспен

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 2017 жылы Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/24 мекемесінде мемлекеттік бағдарлама негізінде белгілі жұмыстар жүргізілді.

Осының нәтижесінде қазіргі уақытта мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік тілде жүргізетін құжат айналымы 100 пайызды құрап отыр. Бұған мемлекеттік тілдегі кіріс-шығыс құжаттарының айналымына әр тоқсан сайын мониторинг жүргізілуі де игі ықпал етуде.
Сонымен қатар, барлық қызметкерлердің мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білетіндігін бақылау және бағалау мақсатында мемлекеттік тілді оқып, үйрену орталығында «ҚАЗтест» бағдарламасы бойынша тестілеу сынақтары өтті. Ал, тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында тіл жанашыры Бекзат Шалабайұлы Тасболатовтың қатысуымен «Ана тілім – баба тілім» атты тақырыпта ұйымдастырылған дөңгелек үстел мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы тағы бір оң қадам болғаны анық. Сөз орайына қарай айта кетсек, мекемеде өткізілетін мұндай мәдени іс-шаралар түгелдей дерлік мемлекеттік тілде өтеді.

Динара Мұстафина,
ЕЦ-166/24 мекемесінің кадр жұмысы тобының аға инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар