Бестөбеде – жаңа спорт кешені

Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит және осы жердің тумасы, отставкадағы генерал Бекім Мұқышев қатысып, сөз сөйледі.

Өкіл имам жиналғандар алдында тағылымды уағыз айтты. Бестөбе – байырғы алтын кеніштерінің бірі. Мұнда соңғы жылдары қылмыс атаулы өршіп кеткен-ді. Бұзақылық та, діни жат ағым өкілдері де жиі көрініс беріп, елдің тынышын алушы еді. Жергілікті мешітке Жасұлан Махатов имам болып тағайындалғалы елдің имандылыққа деген ықыласы күрт өзгерді. Бұрнағы жылы мешіттің ұйымдастыруымен қасиетті Құрбан айт мерекесі бүкілхалықтық шара ретінде тойланды. Бұл шараға қазіргі бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысып, жақсы баға берген еді. Енді міне, жергілікті имамның ұйытқы болуымен іргелі спорт кешені пайдалануға берілді. Ескі, қаңқасы қалған көкөніс қоймасы қайтадан салынып, осы заманғы спорт ғимаратына айналып отыр. Қазір кісі танымастай өзгеріп, сәулетті нысанға айналған құрылысты көрген бестөбеліктер де имам Жасұлан Махатовқа ризашылығын білдіруде.
Ал, имамның өзінің айтуынша, мұнда күрес пен жекпе-жек түрлерінен үйірмелер жұмыс істемекші. Ауыл жастарының бос уақыттарын өткізетін орны жоқ. Спорт адамды ержүректікке, ал, мешіт иманға ұйытады. Осыған дейін мешіт имамының мұрындық болуымен күрес және жекпе-жек үйірмелері ашылған-ды. Бірақ, жаттығатын зал жоқ еді. Бір қуантатыны, мұнда соңғы жылдары жат ағымға бой ұрғандар қатары азайды. Бұл жайлы имам: «Біз ауылдың тентек балаларын алдымен мешітке жинап, дәстүрлі діни жолдың тағылымын түсіндірдік. Сосын ол жастарды спортқа тарттық. Осылай олар басқа ағымдағыларды да кейін қайтарып, мешітке жақындатты» деді. Спорт кешені де имамның бас-
тамасымен салынып отыр. Бір айтарлығы, бұған жұмсалған жиырма миллион теңге көлеміндегі қаражатты ауылдың қарапайым адамдары жинап берген екен. Бұл да өзгеге өнеге болатын іс қой. Бірлігі жарасқан елдің алар биігі де жоғары. Ал, имам мен ауыл тұрғындарының ортақ мүдде жолында осылай күш біріктіруі діннің де құдіретін білдірсе керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар