Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сал-серілердің салты мен рухы жаңғыртылып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Сал-серілердің салты мен рухы жаңғыртылып жатыр

Кеше Көкшетауда облыс əкімі Мəлік Мырзалиннің қатысуымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы орталық сараптама кеңесінің отырысы өкізілді. Бұл шараға «Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша жұмыс тобының тең жетекшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов бастаған осы жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы, танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар мен журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және партиялардың өкілдерінен құралған орталық сараптама кеңесінің мүшелері қатысып, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Мәжілісте алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өңірде іске асыру барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және осы бағдарлама бо-йынша Ақмола облысында іске асырылған жобаларды сараптамалық бағалау туралы өңірлік сараптама кеңесінің төрағасы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Əбдімүтəліп Әбжаппаровтың баяндамалары тыңдалды.
Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыста 178 жоба мен кіші жоба, 91 шара бекітілгенін атап өтті. Оның ішінде ағымдағы жылы 76 кіші жоба мен 15 шара жүзеге асырылып отыр. Жалпы, осы мақсатқа 2017-2022 жылдарға 10,2 миллиард теңге қаржы қарастырылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» тәрізді 4 кіші бағдарлама қолға алынып отыр.
Ал, Əбдімүтəліп Әбжаппаровтың айтуын-ша, Елбасы мақаласы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу», – деп сананың жаңғыруы жолында атқарылар міндеттерді тайға таңба басқандай айқындап берген тарихи құжат болып отыр. Осы стратегиялық маңызды құжат аясындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысы әкімінің өкімімен өңірлік сараптамалық кеңес құрылып, жұмыс істеуде.
– Сараптамалық кеңестің құрамына Көкшетаудың құрметті азаматтары, қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен ақын-жазушылар енді. Сараптамалық кеңестің талқылауына облыс бойынша жалпы саны 50 жоба ұсынылды. Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша 25 жоба ескертусіз жүзеге асырылуға мақұлданса, 9 жоба толықтырылуға қайтарылып, 16 жоба ұсынылмады, – деді Əбдімүтəліп Әбжаппаров.
Сонымен қатар, ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған жобаларды сипаттай келе, сараптамалық кеңестің тәртібі, құзыреттілігі, сарапшылар міндеті жайлы ереже, нормативтік құжаттары да-йындалса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аудандарда жүзеге асырылып жатқан жобалар барысын сараптау үшін сараптамалық кеңестің мәжілістерін
аудандарда өткізсе деген ұсынысын білдірді.
Жалпы, орталық сараптама кеңесінің көшпелі мәжілісінің күн тәртібіне сай 2017 жылғы жұмыстарын талқылау, кеңестің жұмысы туралы есеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлік сараптама кеңестерінің құрамына келісу, өңірлік сараптама кеңестері туралы ереже және орталық сараптама кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту тәрізді бірқатар мәселелер қаралды.
Осы орайда, «Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша жұмыс тобының тең жетекшісі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Көкше өңіріне жұмыс сапары аясында қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, кемеңгер ғалым, белгілі публицист, жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының туғанына 90 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылғанын атап өтті. Оған қоса, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының тұсаукесері өткізілгенін айты.
– Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.
Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда, «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)».
Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап, оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері және ширек ғасырдан асқан тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы жағдайлар, оларға байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалған, – деді ректор.
Бұдан кейін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім, археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әміржан Әлпейісов, «Рухани жаңғыру» институтының директоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын сияқты бірқатар ғалым мамандар сөз алып, Ақмола өңірінде сапалы жобаларды іріктеу бойынша ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті. Осы орайда, Ерлан Арын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ең бастысы сол жерде туған тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғыртуға басты назар аудар керектігіне тоқталды.
– Ақмола облысы сал-серілердің жері. Сондықтан, өңірде сал-серілер есімін жаңғырту қолға алынса дұрыс болар еді. Сал-серілер туралы энциклопедиясын шығару, мұражайын ашу жұмыстарын қолға алу керек, – деді Ерлан Арын.
Сонымен қатар, ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан шараларды бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде кеңінен насихаттау туралы ұсыныс айтты.
Жиын соңында орталық сараптама кеңесінің келер 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Кеңес хатшылығының құрамы және өңірлік сарапшылар құрамы тағайындалды. Сонымен қатар, кеңестің келесі отырысы алдағы жылдың қаңтар айында Астана қаласында өтіп, онда киелі Қазақстан географиясының республикалық және өңірлік картасы
бойынша жобалар талқынбақшы.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар