«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы стратегиясын өзгертеді

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай Корпорация) 2017-2026 жылдарға арналған корпорацияның жаңа даму стратегиясын бекітті. Бұл даму стратегиясын қайта қарауға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын Жарлықпен бекітуі себеп болды.

Даму бағдарламасының жаңа мәртебесі «НҰХ«ҚазАгро» акционерлік қоғамы және корпорацияның даму стратегиясын қайта қарауды талап етті. Жаңа даму стратегиясы операциялық қызметті жетілдірумен қатар, қаржылық институттармен серіктестікті дамытуды және тікелей емес қаржыландыру үлесін ұлғайтуды қарастырады. Бұл шағын және орта бизнес секторына нарықтық сегменттеудің нақты саясатын жүргізуге және оларды әр түрлі
несие өнімдерімен барынша қамтуға мүмкіндік береді.
– «Мұндай қадам қаржылық институттарға Агроөнеркәсіптік кешен секторын несиелеу көлемін ұлғайтуға түрткі болады», – дейді корпорацияның басқарма төрағасы Н.Сарыбаев.
Стратегия қаржылық институттарға қор жинау, қарыздарды біріктіру, халықаралық қаржылық ұйымдардан қаржы тарту мақсатында корпорацияға ішінара кепілдік беру тәрізді әр түрлі инвестициялық бастамалардың қаржыландыру құралдарын ендіру арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауды ұсынады. Бұған қоса, корпорация бастама жобаларды несиелеу құралын пайдалану мүмкіндіктерін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда.
Алғашқы кезеңде корпорация жобаны тікелей қаржыландыратын болады. Жоба тұрақтылық деңгейіне жеткен кезде, корпорация жобадан шығып, оны банкке өткізу туралы келісім-шарт жасайды. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде корпорация несиелік тәуекелді қабылдаған жағдайда, мұндай кесте банктер
қаржысын агроөнеркәсіптік кешенге бағыттауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, корпорация инвестициялық жобаларды несиелеу барысында қаржылық институттар үшін қор жинауды және осы қаржылық институттардан шыққан кезде, бұл жобаларды балансқа қабылдауды жоспарлауда. Қазір исламдық қаржыландыру жүйесі танымал болуда. Сарапшылардың бағалауынша, исламдық қаржыландыру нарығы айтарлықтай көп – 2 триллион АҚШ доллары. Және бұл шариғат нормаларына сәйкес өнімдерді алуға ұмтылатын жаңа инвесторлар тобы үшін Қазақстан қақпасын ашып береді. 2017 жылы қыркүйекте Түрік экономикалық банкі мен корпорация арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Корпорация қазірдің өзінде өздерімен бірнеше жыл бойы бірлесіп қызмет етіп келе жатқан несиелік серіктестіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың институционалдық кемелденуін жетілдіру бо-йынша нақты шаралар қолдануда.
Бұл іс-шараларға сенімді әдіснамалық база жасау арқылы осы қаржылық институттардың салалық құзыреттілігін және қызметкерлердің агробіліктілігін жетілдіру кіреді. Агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің агробіліктілігін дамыту – корпорацияның басты міндеті. Өйткені, білімді фермер салалық тәуекелге бел бумай-ақ нарықтық жағдайда өзін сенімді сезінетін болады. Бұл инвестицияның қайтарымдылығын қамтамасыз етеді. Болашақта корпорация базасында агробіліктілік орталығын ашу жоспарлануда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар