Тәуелсіздік күніне орай облыс орталығындағы балабақшалар арасында «Менің елім – Қазақстан» атты қалалық шығармашылық байқауы болып өтті. «Өнерлінің ырысы – жарқырап жатыр жолында» деген атам қазақ, байқауға қатысқан сайыскерлеріміздің өнерін сынап, баға беретін қазылар алқасы сайланып, бүлдіршіндердің жасаған қолөнер бұйымдарын, салған суреттерін бағалады. Әр балабақшадан келген бүлдіршіндер өз топтарын таныстырды.
Балалар байқауға аса белсенділікпен қатысып, көз суырар көркем суреттерімен жиналғандарды тәнті етті. Қаламыздағы «Шұғыла» шағын орталығынан Асқар Бекжан мен Хасен Гүлнұр қатысып «Білгіштер» номинациясымен марапатталды.
Гүлнұр ӨЗБЕКОВА,
«Шұғыла» шағын-орталығының тәрбиешісі.