Ұлттық киім ұлағаты

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың III отырысында жас ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатында берген тапсырмасымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып жарияланды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сонымен бірге, Ұлттық Құрылтайда «Ұлттық киім күнін» белгілеп, басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек» деп атап өткені белгілі. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күнінің онкүндігі «Кітап – ұлттың тірегі» атты  фестивальмен ашылып, оның аясында кітап жәрмеңкесі, акция, библио кафе, оқырмандар конференциясы, пікірталас, кітапхана түні, әдеби кештер  ұйымдастырылды.

Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасының үйлесімдігін, ұлттық салт-дәстүрлер туралы әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Жастар және сән» жобасы аясында,  «Ұлттық киім – ұлағаты» атты әдеби дефиле өтті. Шараға Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің дизайн мамандығының оқытушысы Гүлжазира Хавдыразах, аталмыш колледж студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Гүлжазира Хавдыразах өзінің шығармашылық жолы мен ұлттық өнер мен ұлттық киімге деген қызығушылығы сонау бала кезден бастау алғанын   әңгімелеп берді. Дизайнердің ХІХ ғасырдағы Ақмола өңірінің ұлттық неке кимешегін өлкетану мұражайына арнайы тіккені, ұлттық киімнің салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен байланысы, қазіргі жастардың ұлттық өнер мен ұлттық киімге деген көзқарасы жайлы айтқан танымдық әңгімелері оқырмандар көңілінен шықты. Шарада жас дизайнерлер сән дефилесін көрсетіп, күнделікті өмірде ұлттық киім кию үрдісі қолданысқа енгізілсе деген тілектерін білдірді.

Расында, ұлттық киімді Наурыз мерекесінде ғана емес, күнделікті өмірде де кию үрдісін қабылдасақ, болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп, заман талабына сәйкес, лайықтап киіп жүрсе, сөйтіп, сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүріміз жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді.

Айнұр ӨТЕБАЕВА,
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының
өнер әдебиеттері бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар