Пәтер қайтарылып, жетім балаға берілді

Прокурор назары

Елімізде қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқылы.

Алайда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылғанын жуырда өткен тексеріс дәлелдеп берді.

Атап айтқанда, 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған.
Прокуратура толтырған қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді. Қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда.

                              Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар