Қария – ақылы теңіз дария

1-31қазан – Қарттар айлығы

Көкшетау қалалық Станционный үлгілі кітапханасы №7 жалпы білім беретін орта мектепте аға буын өкілдеріне арналған «Қария – ақылы теңіз дария» атты кеш ұйымдастырды.

Іс-шара қазыналы қарттарды құрметтеу, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі әңгімелерін кейінгі ұрпаққа насихаттап, жастардың үлкенге деген ізеті мен сыйластығын арттыру мақсатын көздеді.

Кездесу барысында қарттардың қоғамдағы орны, өмірлік жолы мен кейінгі ұрпаққа қалдырар тағылымы жайында жылы лебіздер айтылды. Кеш мазмұнын аға буынға арналған әсем музыкалық шығармалар мен жүрекке жылы әндер толықтырды. Кеш қонақтарының алдында «Шаңырақ» тобының мүшелері мазмұнды концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Әншілердің орындауындағы әсерлі әндер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жандарын жадыратты.

Кітапхана меңгерушісі Бақыт Сатаеваның айтуынша, қариялар да өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Осындай тағылымы мол іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенді сыйлау, олардың ақыл-кеңесін қадірлеу сияқты ізгі қасиеттерді дәріптеуге ықпал етері сөзсіз.

Кеш барысында айқын аңғарылғанындай, қарияларымыз елдің қазынасы, отбасының берекесі, кейінгі ұрпаққа жол көрсетер ақылдың қайнар көзі. Осыны кейінгі ұрпақ терең түсініп, қарттарымызға деген құрметті бір сәт те естен шығармаулары керек-ақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар