Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ордасы хан Абылайдың–Қызылағаш - АРҚА АЖАРЫ

Ордасы хан Абылайдың–Қызылағаш

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында өзіндік ұлттық мәдениетті сақтай отырып, қоғамдық сананы жаңғыртуға аса қатты мән беріледі. Осыған байланысты Қазақстанның тарихи, киелі орындарын зерттеудің мәнділігі арта түсті. Ән мен жырдың, сал-серілік дәстүрдің, дәстүрлі өнердің киелі ордасы болған Көкшетау, қасиетті Көкше өңірі тарихи мәні бар ескерткіштерге де бай өлке. Көне сақ, ғұн, түркі дәуірлері ескерткіштерінің жұқанасы жетіп отыр. Кезінде академик Әлкей Марғұлан бастаған археологиялық экспедиция Бурабай көлінің төңірегінен асыл тас диадемадан (тәжі) жасалған әшекей бұйымдар тапқаны мәлім. Сібір хандығының шеткі өңірі болған Көкшетау өңірінің тарихи жәдігерліктерін алдағы уақытта зерттей түсуді қажет етеді.

Көкше өңірінің бай тарихы әсіресе, Абылай хан дәуірімен айшықтала түседі. Көкшетау мен Абылай хан, Абылай мен Көкшетау атаулары аса астасып кеткен егіз ұғымдар десе де болады. Оның басты себебі, сонау жиырма жасынан бастап алпыс сегіз жасқа дейінгі Абылайдың Көкшетаудағы «атығай мен қарауыл» руларының ру басы көсемі, сұлтаны болғаннан бастап, кейінгі Орта жүз ханы, Үш жүздің ханы болған қоғамдық- саяси қызметі, әскери қолбасшылық қызметі, қайсысын санамаласақ та бәрі-бәрі де осы Көкше өңірінде өткен, Қасиетті Көкшетауға ту тігіп, орда қылған. Халық санасында, халық ұғымында, жыр-дастандарында, аңыз-әңгімелерде, көркем әдебиетте «Хан жайылған Көкшетау», «Хан ордасы Көкшетау», «Хандардың табаны тиген Көкшетау» деген аты қалды.
Көкшетау – сұлулықтың, кербездіктің ғана символы емес, ол Абылайға мекен болған, қазақ елінің, өнердің ұйытқылы ордасы «бағаналы басты орда», тарихи ордасы, киелі құт-береке орнаған жер. Сондықтан да, алдағы уақытта Қазақстанның киелі де сакральды картасынан ойып тұрып орын тепкен Ақмола облысының Бурабай өңіріндегі Абылайға орда болған Көкшетаудың бүгінгі таңда тарихи мән-мағынасы арта түспекші. Осы орайда Көкшетаудағы Абылайдың хан ордасын бірегей тарихи, ұлттық, туристік брендке айналдыра отырып, осы арқылы өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, ұлтжандылық, патриотизм, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін орнықтырып, тәрбиелеуіміз қажет!
Отандастарымыздың бойына тарихи зердені ұстап, туған жердің киелі орындарына деген құрмет сезімдерін насихаттауымыз орынды болмақшы. Мұның барлығы жақсы, дұрыс! Алайда, біз Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетінің тарихшы, әдебиетші ғалымдары Абылайға орда болған, тамам алаш баласына ыстық, киелі, қасиетті орынға қатысты өз ой-пікірлерімізді газет оқырмандарымен бөлісе кетсек. Соңғы кездері халық санасында «ханның Қызылағашы» атанып кеткен Бурабайдағы осынау киелі орынға қатысты «орда бұл жерде болмаған, оның орны басқа жерде, біз көптен зерттеп тауып қойдық» – деген өздерін, «тарихшы – маманбыз» деп есептейтін кейбіреулердің екі ұшты пікірлері естіліп қалып жатыр. Тарихи шындыққа көне-көрнеу қиянат жасамау үшін, біз тарихи, мәдени, әдеби деректерге жүгіне отырып, өз сөзімізді, байлам-тұжырымдарымызды айтқымыз келеді.
Бірнеше тарихи деректерге қарап отырып, біз Абылайханның ордасының Бурабайдағы Көкшетау тауына жақын орналасқандығын бағамдаймыз. Абылайдың тұрақты ставкасы болып есептелетін хан ордасында болған Орынбор әкімшілігінің өкілі былай деп жазады: «И так, теперь находится он, Абылай, в прежне расположений близ горы, называемый Кукчетау» (Архив внешней политики Российской империи, ф.122,а.1, л. 5).
Ал, енді Абылай сұлтанның өзі үй полковник П.Роденге жазған хатында: «О нас, ежели изволите напаметовать, Слава богу и с народом здрав и благополучен. Зимовать намерен при Кукчутаве горе и при речке Кылчаклы» – деп өзінің тұрғылықты ордасының мекенінен хабар береді. (Казахско-русские отношения в 16-18 веках: (сб. Документов и материалов). – Алматы: Изд-во АН Каз ССР Изд-во АН Каз ССР, 1961-60ж.)
Абылайдың Бурабайдағы бұл хан ордасы сыртқы жаулардан қорғанысқа жақсы, стратегиялық маңызы бар өте тиімді жерде орналасқан. Хан ордасы орналасқан биік дөңнің бір жағында қыста жел өткізбейтін халық «қызыл ағаш» атап кеткен қайың-қарағай тоғайы, екінші жақта көгілдір болып мұнартқан Көкше биігі, онан төменіректе Көкшетау, теріскей жақта Ақшоқы. Қысқасы қай жағынан болсын тиімді. Осы таулардың биік шыңынан Абылай сарбаздары күні-түні қарауыл қарап отырған. Абылайға келіссөзге келіп жүрген Ресейдің патша офицерлері бұл табиғи бекіністің жай-жапсарын жақсы жазды. Әдеби деректерге сүйенсек, ХІХ ғасырда жасаған халық поэзиясының жарқын өкілі Арыстанбай Толыбайұлы: «Қырық сегіз жыл хан болды Көкшетауда» деп жазса, қазақтың алашшыл аяулы ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Батыр Баян» поэмасында:
Ертеде жел өтпейтін Қызыл ағаш
Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш.
Қабірінен әулиенің Алашқа артық,
Ертеде Абылайға орда болған ағаш.
Ордасын сол ағаштың Абылайдың
Мекендей тәуап еткен талай алаш!, –
деп Абылай ордасының халыққа әулие мекен екенін, оның Қызылағашта екенін дәл көрсетеді. Мұнан артық қандай дәлел керек бізге?!
Абылай ордасы мекен тепкен бұл орынды кезінде Абылай музейіне отыз жыл ғұмырын арнаған жергілікті өлкетанушы Әмина Тұрсынбаева көзі қарақты көп адамдарға, соның ішінде «Бурабай ұлттық паркінің» директоры Әліби Ғазизұлына нақты көрсетіп, айтып, аманаттап кеткен.
1998 жылы өлкетанушы Әмина апайдың ұсынысымен бұл жерге гранит тастан белгі – ескерткіш қойылған. Мағжан ақынның Абылай ордасына қатысты жоғарыдағы өлең жолдарының үзінділері гранит тасқа қашалып жазылған.
Сөз соңында айтарымыз Бурабайдағы «Ханның қызыл ағашын» тарихи ескерткіш ретінде Қазақстанның киелі картасына енгізе отырып, тарихи брендке айналдыратын кез жетті ағайын!

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Аманбай СЕЙІТҚАСЫМОВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры,
доцент, тарих ғылымдарының кандидаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар