Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайының жанындағы Біржан сал Қожағұлұлының ескерткіші алдында өткен жастардың флеш-мобы жас ұрпақтың туған ел тарихы мен оның рухани құндылықтарына аса құрметпен қарайтындықтарын көрсетті.
Хореографиялық би ұжымдарының ұйымдастыруымен өткен іс-шара Еңбекшілдер ауданының Біржан сал ауданы болып қайта аталуына арналды. Оның барысында жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауданды осылай атау туралы ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында, яғни, ел тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында қол қойған Жарлығына ризашылықтарын жеткізіп, барша облыс тұрғындарын осы бір айтулы оқиғамен құттықтады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.