Көшбасшының өмірбаяны – елдің тарихы

Шортанды ауданына қарасты Жолымбет кентіндегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Көшбасшының өмірбаяны – елдің тарихы» атты тағылымды шара өткізілді. Оның басты мақсаты еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен халқына сіңірген адал қызметін
насихаттау еді.

Бұл шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған отбасылар және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері, еліміздің осындай биік белестерден көрінуінде Президентіміздің сіңірген еңбегі әңгіме өзегіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлға болып қалыптасу тарихын нақты мысалдардан көруге болады.
Шара қатысушылары Елбасы туралы кітаптар қойылған көрмені және «Президенттің өміріне бір күн саяхат» атты бейнебаянды тамашалады. Кент тұрғындары С.Кучерюк, В.Мулярова, О.Илларионова «Отан», «Туған жер» тақырыптарында өлеңдер оқыса, С.Темников «Мен қазақпын, Қазақстанда тұрамын», Н.Шаповаленко «Қазақстан» атты өздерінің Отан-анаға арнап жазған жырларынан шашу шашып, қатысушылардың зор қошеметіне бөленді.

Г.ҚҰРЫМБАЕВА.
Жолымбет кенті,
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар