Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балабақшаға кезек әлі де көп - АРҚА АЖАРЫ

Балабақшаға кезек әлі де көп

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезек күткен балалардың санын азайту мәселелері талқыланған «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Білім беру» аймақтық комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің төрағалығымен өткен білім беру саласының қызметкерлері, мектеп директорлары және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні облыста балабақшаларға кезек күткен 21 653 бүлдіршін бар екен. Олардың ішінде ең көбі Көкшетау қаласында, мұнда шамамен 10700-дей бала балабақша кезегінде тұр. Бурабай және Целиноград аудандарында да балабақшаға тіркелген балалар саны көп. Қазір облыста 590 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, олардың 217-сі балабақшалар, ал, 373-і мектепке дейінгі шағын орталықтар. Осы білім беру мекемелерінде 3 және 6 жас аралығындағы 31 445 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың 59,8 пайызы қазақ тілінде білім алуда.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, «Балапан» бағдарламасы қолға алынғаннан бергі аралықта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 325-ке көбейіп, қосымша 20072 баланы мектепке дейінгі білім берумен қамтуға мүмкіндік туды. Мәселен, 2010 жылы облыста небары 12 мыңдай бала ғана балабақшамен қамтылып, ол 41,9 пайызды ғана құрапты. Бүлдіршіндерді балабақшамен қамтудың қазіргі көрсеткішіне сүйенсек, 97 пайыздың үстінде екен.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан орын алу кезегіне облыс бойынша 21653 бала тіркеулі, оның 5286-сы 3 және 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Мектепке дейінгі білімді қажет ететіндердің санын төмендету үшін жыл басынан бері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1466 жаңа орын ашылып, бұл 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуын 97,7 пайызға жеткізді. Республика бойынша біздің облыс балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтудан 7 орында екен.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін жүзеге асыру мақсатында 37 мектепте осыған тиісті жағдай жасалған. Бұл орайда, балабақшаларда 25 арнайы топ жұмыс істейді, оның 20-сы тіл кемістігі бар, 4-уі психикалық дамуында ауытқулары бар және 1-уі көзі нашар көретін балаларға арналған.
114 мектепке дейінгі мекемелерде 330 инклюзивтік топтар жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттілігі бар 1079 бала мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтылған.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің мазмұны жаңартылуда. Бұл орайда, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа стандарттар қолданысқа енгізіліп, мектеп жасына дейінгі балаларға облыстың 4 ұйымында даярлық сыныптар үшін «Әліппе» және «Букварь» оқулығын үйрету тәжірибеден өткізілді. Бұлай оқыту 2019 жылдан бастап жаппай қолға алынады.
Тәрбие мен білім мемлекеттік тілде жүргізілетін топтардағы өзге ұлт өкілдері балаларының саны ұлғая түсуде. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 1741 балаға жетті. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басым болған жағдайда мемлекеттік емес сектор дами түседі. Ағымдағы жылы облыстағы жекеменшік мектепке дейінгі білім ұйымдарының саны 86-ға жетті.
Комиссия отырысы барысында анықталғандай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша 4 келісімге қол қойылған. Олардың ішінде Целиноград ауданының Ақмол ауылында 280 орынға арналған балабақша құрылысын жүргізу, Степногорск қаласында 165 орындық жекеменшік балабақша ұйымдастыру секілді жобалар бар. Бірақ, бұл жобалардың мерзімдері 10-30 жыл аралығында деп көрсетілген. Сонымен бірге, жекеменшік қаржылық бастама аясында 2 жоба қолға алынған. Олар Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный селосындағы 140 орындық және Бурабай ауданының Оқжетпес кентіндегі 125 орындық балабақшалар. Бұларды жүзеге асыру отыз жылға қарастырылған.
Өңірде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жұмысы одан әрі жалғастырылатын болады.

Динара ДҮЙСЕНОВА,
«Нұр Отан» партиясы
облыстық филиалының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар