Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек ұжымдарымен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Жанат Омарбекова мен Кәрібай Мұсырман, заң және сот-құқықтық реформасы комитетінің мүшесі Асылбек Смағұлов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы «Степногорск-Еуропалық подшипник корпорациясы» акционерлік қоғамының және қалалық аурухананың еңбек ұжымдарымен кездесті.

Бүгінгі таңда республикада бизнесті несиелеуге қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, «Степногорск-Еуропалық подшипник корпорациясы» акционерлік қоғамы «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып табылады. Аталған бағдарлама арқылы мемлекет тарапынан көрсетілген көмек-қолдаудың арқасында кәсіпорын барлық бағытта өзінің жағдайын жақсартып келеді.
Зауытта болған халық қалаулылары өндіріс цехтарын аралап, кәсіпорын жұмысымен жақынырақ танысты. Депутаттарға зауыт жұмысшылары мен инженерлері тарапынан әлеуметтік мәселелер жөнінде түйткілді сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Мәжіліс депутаттары облыстың индустриялық дамуы қарқынына оң бағасын беріп, еліміздің бизнес орындарын ғана тапсырыспен қамтамасыз етіп қоймай, шет елдік нарыққа да шығуына мүмкіндік алғандығын атап өтті.
– Біз өндіріс процесін көріп, жұмысшылармен пікір алмастық. Бұл жерде зауыт қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған екен. Әлеуметтік жеңілдіктермен қоса үш мезгіл аспен қамтылған. Орташа жалақы 130-150 мың теңгені құрайды. Әр жұмысшыға сапалы медициналық көмек көрсетіледі, – деді Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова өз сөзінде.
Бүгінгі күні зауыт ИСО 9001-2001 сапа менеджменті жүйесінің тәртібі бо-йынша жұмыс істеуде. Ақмола облысының кәсіпкерлерді қолдау Картасы шеңберінде 2015 жылдың желтоқсан айынан бері «Степногорск подшипник зауытына «ЭПК-Мәскеу» зауытында өндірген сфералық подшипниктердің номенклатурасын аудару» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба басталғалы 127 504 жаңа үлгідегі подшипниктер, оның ішінде 40955 сфералық подшипниктер шығарылған. Кәсіпорын жылына 1,9 миллион подшипник шығаруға қауқарлы.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында депутаттар қалалық орталық аурухананың қызметкерлерімен кездесті. Дәрігерлермен міндетті медициналық сақтандыру, әйелдердің зейнетке шығу жасы, зейнетақы қорындағы қаражаттың сақталуы туралы келелі әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, Жанат Омарбекова мен Кәрібай Мұсырман денсаулық сақтау саласына қатысты басқа да мәселелер мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген бірқатар міндеттерді ортаға салса, Асылбек Смағұлов заң шығарушылық жұмыстардың жайынан хабардар етті. Мәжіліс депутаттары дәрігерлердің сұрақтарына да жауап берді.

Аслан Оспанов.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар