Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қант қызылшасы, жасымық, асбұршақ... - АРҚА АЖАРЫ

Қант қызылшасы, жасымық, асбұршақ…

Соңғы жылдары Қазақстанның солтүстік өңіріндегі Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жасымық, асбұршақ, қытайбұршақ, қант қызылшасы мен мақсары дақылдарына көңіл бөлініп, егіс алқабы көлемі ұлғая бастады.

Бұның себебі, өңірдегі негізгі дақыл – жаздық бидай өзінің сапасын төмендетіп алғандықтан дүниежүзілік нарықта оның бағасы арзандап бара жатыр. Сол себепті, фермерлер осы дақылды өсіруге кеткен шығындарын қайтарып алу, сонымен қатар, табыс табу мақсатында басқа да табыс әкелетін дақылдарды іздестіруге мәжбүр болуда. Бидай сапасының төмендеуін мамандар бірқатар себептермен байланыстырып отыр. Атап айтар болсақ, минералды тыңайтқыштардың жетіспеушілігімен (елімізде қажетті тыңайтқыштар көлемінің егістіктерге оннан бірі ғана енгізіледі), соңғы жылдары жауын-шашынның жиын-терін кезінде шамадан тыс мол болуынан, егістердің ауыспалы жүйесінің бұзылуынан, өңірде негізінен орта және кеш пісетін (омбылық және қазақстандық) сорттардың басымдық алуынан және ылғалдың шамадан тыс мол болуынан бидайдың септориоз, тат ауруларының етек алып кеткені де негізгі себептердің бірі болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған және басқа да кемшіліктер жойылар болса, онда жаздық бидай сапасының бұрынғы қалпына келуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан астыққа бай алқап болған және бола берері хақ.
Жасымық, асбұршақ сияқты бұршақ тұқымдас шөптесін өсімдік. Дақылдың өзі екі түрге бөлінеді, ірі тұқымды және ұсақ тұқымды болып. Вегетациялық кезеңі 75-115 күнге созылады, ал, бірақ, гүлдегенге дейін өте баяу өседі. Өскін кезеңінен 35-40 күн өткеннен соң дақылдың интенсивті өсуі басталады. Жемістері, асбұршақ сияқты әртүрлі мерзімде піседі. Олар сабақтың төменгі жағына орналасқандықтан, жинау кезінде біршама қиындықтар туады. Әсіресе, дақыл дамуының алғашқы кезінде ылғалды жерде жақсы өседі, бірақ, асбұршаққа қарағанда құрғашылыққа төзімдірек. Дәнінде ақуыз мөлшері 23-32 пайызды құрайды. Өсімдікке қоректік элементтер жақсы сіңіріледі де қажетті аминоқышқылдар жеткілікті мөлшерде болады. Дәнді-бұршақ дақылдарының арасында дәмдік және басқа да жемдік қоректік көрсеткіштерінің жоғары болуы себепті жасымық алғашқы орындарда тұр. Ірі тұқымды жасымықтан аспаздық мақсатта ұн, жарма, консервілер, шұжықтар, нан пісіруде ұн алынады. Ұсақ тұқымды жасымық жануарлар үшін таптырмайтын қорек болса, ал, оның вегетативтік көгінің, топанының және сабанының қоректік қасиеті жоғары саналады. Жасымық көптеген елдерде, әсіресе, Азияда көптеп егіледі. Бұрынғы Одақта – Поволжьеде, Украинада, Тәжікстанда, Арменияда дақыл егістігінің көлемі мол. Біздің елімізде, негізінен бақшалық дақыл ретінде өсіріледі. Топырақты өңдеу жүйесі асбұршақ дақылымен бірдей. Елімізде бұл дақылдың ірі тұқымды сорттары егіледі. Асбұршақ сияқты топырақты азотпен қамтамасыз ете алады.
Асбұршақ – дәнді-бұршақ дақылдарының ішіндегі көпжылдық өсімдіктерінің бірі. Вегетациялық кезеңі, сорттарына байланысты 45-120 күнге немесе одан да көп мерзімге созылады. Қазақстанда сонау 1962-1965 жылдары асбұршақ егіліп, дақыл көлемі едәуір көп болған. Кейінірек бұл дақылға диқандардың қызығушылығы біршама төмендеп кеткен болатын. Асбұршақ қазіргі кезде ғылыми мекемелердің және кейбір шаруа қожалықтары танаптарында ғана егіліп, егістік көлемі азайып кетті. Дақыл жеке дара немесе басқа дақылдармен араластырылып егіліп жүр.
Қытайбұршақ – бұршақ тұқымдас шөптесін өсімдік. Дақыл азық-түлік, техникалық, жемшөптік, сидералдық мақсатта егіледі. Дәнінде 24-45 пайыз ақуыз, 13-37 пайыз май, витаминдер бар. Ол тағам ретінде пайдаланылады, одан сүт, сүзбе, май, кондитерлік бұйымдар дайындалып, сонымен қатар, құрама жемге де араластырылады. Дақылдың жасыл массасы, пішені, шөп ұны мен күнжарасы үй жануарлары үшін таптырмас азық. Қайта құру кезеңіне дейін Қазақстанда қытайбұршақтан жоғары өнім алу тәжірибесі (гектарынан 31-33 центнер) Жамбыл облысының Мерке ауданы мен бұрынғы Талдықорған облысының Талдықорған ауданы егіншілерінің үлесінде болған. Қазіргі кезде шетелдік сорттарды пайдалана отырып, Алматы облысындағы «Байсерке-Агро» серіктестігінің шаруашылығында дақылдан бұрынғыдан екі еседен де жоғары өнім алынуда. Ал, жоғарыда айтылған үш дақыл да өте жақсы алдыңғы қатарлы дақыл болып есептеледі.
Қант қызылшасын Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының фермерлері екінші жыл бойы егіп, өсіріп келеді. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында ылғалы мол 2016 жылы қант қызылшасының өнімділігі гектарынан 50 тонна (немістердің ұсақ домалақ тұқымдық материалы), қанттылығы 23 пайыз болды, ал, 2017 жылы фермер егіс көлемін бір мың гектарға жеткізді. Бұл шаруашылықта биыл қант қызылшасы өнімін жинауға дейін қант заводының құрылысы аяқталды. Олар жергілікті жерде қант өндіруді қолға алуда. Павлодар облысында бұл дақыл өнімділігі
аздау – гектарынан 35-50 тоннадан аспай отыр. Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары қант қызылшасының жергілікті сорты мен гибридін шығарған. Бұл облыста да жергілікті фермерлер үстіміздегі жылы қант қызылшасы дақылын отырғызып, мол өнім алды. Қант қызылшасы еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде өсіріледі. Қайта құру алдында, дақылдың тамыр шірігі ауруы етек алып тұрған кезінде қант қызылшасын солтүстік өңірде егіп, оның өнімі темір жол арқылы оңтүстіктегі қант заводтарына жеткізілген, бірақ, бұл сәтсіз аяқталған тәжірибе болған. Қазіргі кезде дақыл егілетін өңірде қант заводын салу жөніндегі мәселелер оңай шешімін табуда. Ал, жыл сайын гектарынан 50 тонна өнім алуға қол жеткізу мүмкін болмаса да гектарынан 30 тонна өнім алуға әбден болады. Дәл табиғи жағдайы осындай Алтай өлкесінде ресейліктер қант қызылшасын егіп, айтарлықтай өнім алуда. Қазіргі кезде еліміздің негізгі қант қызылшасы егілетін өңірде дақыл алқабының көлемі 11-12 мың гектардан аспайды, өнімділігі гектарынан 250-300 центнер шамасында. Егер де тәжірибе сәтті шықса, солтүстік өңірде дақыл алқабының көлемі едәуір артпақшы. Бұл дегеніңіз, дақылды егіп, өсіру және тамыр-жемісті өңдеу кезінде қосымша жұмыс орындары пайда болады деген сөз. Қазіргі нарықтық жағдайда қант құрағының шикізатын пайдалануға немесе Ресей мен Украинадан дайын өнім сатып алуға болар еді.
Мақсары – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдік. Дақыл ретінде біржылдық жаздық өсімдік пайдаланылады. Ол Азияда, Европада, Америкада өсіріледі. Мақсары құрғақшылыққа өте төзімді, төменгі температураларға шыдамды, топырақ түрлерін таңдамайды. Дәнінде 60 пайызға дейін майы бар, оны тағам ретінде және техникалық мақсатта да пайдалануға болады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында соңғы 15-20 жылдар аралығында үлкен қолданысқа және сұранысқа ие. Дақылды өнімі толық піскен кезде комбайнмен жинауға болады, себебі, оның дәні шашылып қалмайды. Айта кету керек, бұл дақылды Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми Академиясының академигі М.Қ. Сүлейменов Батыс Қазақстан өңіріне де өсіру үшін ұсынған болатын. Солтүстік Қазақстанда, мысалы Қостанай облысының бірқатар батыс және оңтүстік аудандарында да бұл дақылды егіп, өсіруге болады.
Асбұршақтың, қытайбұршақтың, мақсарының және қант қызылшасының бірінші және екінші жылғы егістерінде кездесетін зиянкестер мен аурулар еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғылыми тұрғыда зерттелген. Арамшөптерге қарсы жою шаралары зерттеліп, айқындалған. Ғылымның дамуына байланысты аталмыш дақылдарды өсіру технологиясы мен оны зиянды организмдерден қорғау шараларының кейбір буындары толықтыруды қажет етеді. Ал жасымық егісін зақымдайтын зиянды организмдер мүлдем зерттелмеген, дегенмен де, негізгі зиянкестер мен өсімдік аурулары туралы айтуға болады. Зиянкестер негізінен дән қоңыздары, биттер, түйнек бізтұмсықтары, трипстер және көпқоректі зиянкестер болса, ал, аурулары – аскохитоз, антракноз, ақ ұнтақ, фузариоз, тат, бактериалды және вирус аурулары. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қытайбұршақтың зиянды организмдері өсімдік биттері, қандалалар, трипстер, түйнек бізтұмсықтары мен көпқоректі зиянкестер – күздік көбелек, түркістандық өрмекші кене, ал, аурулары – бұршақ тұқымдастарының ауруларындай, сонымен қатар, шіріктер, церкоспороз және сабақ күйігі аурулары болып табылады.
Қант қызылшасын көптеген зиянкестер зақымдаса, ауруларының түрі жиырмадан асады. Зиянды организмдерден дақылға 10-15 зиянкес түрлері зақым келтіреді, олар цикадкалар, биттер, қандалалар кешені, бүргелер, бізтұмсықтар және көпқоректілерден: күздік, беде көбелектері, түркістандық өрмекші кене, ал, аурулардан – тамыр жегісі, ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, тамыр-жемістің шіріктері және басқалары.
Мақсарыда зиянды организмдер көп емес. Дақылды айтарлықтай зақымдайтындар қандалалар, бізтұмсықтар, қан көбелек пен шыбындар. Аурулардан тіркелгені дақтар, тат және басқалары. Үлкен тауар айналысына, өскен іскерлік байланыстар мен алыс-берістерге байланысты республика аумағына карантиндік зиянкестер, аурулар мен арамшөптердің еніп кетуіне жол беріліп отыр. Атап айтар болсақ, соңғы жылдары елімізге карантинді зиянкестер мен аурулардың оннан астам түрлері еніп кеткен. Осы карантиндік зиянкестер мен аурулар терең зерттеуді және оларды жоятын күрес шараларын шұғыл түрде қолға алуды және оған қосымша қаржы бөлуді талап етеді. Мысалы, америкалық ақ көбелек, жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, гүлдерді зақымдайтын еуропалық темекі трипсі мен жылыжайдағы томат күйесі және басқалары. Сондықтан, жоғарыда аталған дақылдарға карантиндік зиянкестер түрлерінен дән қоңыздары, жеміс жемірлері, жапырақ кеміргіш көбелектер және басқалары елеулі қауіп төндіреді.

Жұмабай ИСМҰХАМБЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор

Алматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар