Үлескердің мәселесі – басты назарда

Бір пәтерді екі адамға сатып жіберу заңсыздықтары орын алып отыр

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крыловтың төрағалығымен Көкшетау қаласы бойынша тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің мәселесі ведоствоаралық комиссияның кезекті мәжілісінде қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Василий Крыловтың төрағалығымен Көкшетау қаласы бойынша үлескерлердің мәселелері қаралған мәжілісте тұрғын үй құрылысы саласында орын алған бірқатар заң бұзушылықтар сөз болды.
Мәжілісте облыс орталығындағы «КанСам» серіктестігінің «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұржан Мұқанов, облыстық Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі Айбек Қалиқұлов, Көкшетау қаласы прокурорының орынбасары Талғат Оспанов жəне Көкшетау қаласы əкімінің орынбасары Иван Юрченконың баяндамалары тыңдалды. Осы орайда, облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов қала әкімдігінің жаңадан салынып жатқан нысандарға мониторинг жүргізудегі жұмыстарын сынға алып, соттық-құрылыс сараптама жұмыстарын жүргізу үшін қаржы табуды тапсырды.
– Біз бұл проблеманы соңына дейін шешу үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, шешу алгоритмін таңдауымыз керек. Ведомствоаралық комиссиясының жұмысы одан әрі жалғаса береді, – деді Василий Крылов өз сөзінде.
Айталық, 2015 жылдың басында мердігер «Кан-Сам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен қала тұрғындары арасында Сəтпаев көшесінің бойында салынып жатқан 18 пəтерлі тұрғын үйден пəтер сатып алу туралы жазбаша келісім-шарт жасалған болатын. Сол кезде мердігер үлескерлерге 2015 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтайтынын айтып сендірді. Осыған орай, үлескерлердің басым бөлігі 100 пайыз ақшаларын алдын ала төледі. Алайда, аталмыш серіктестік келісім-шарттағы мерзімді бұзып, нысан осы күнге дейін пайдалануға берілген жоқ. Кейін белгілі болғандай тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік сəулет-құрылыс бақылаудың рұқсатынсыз өзге адамның меншігіндегі жер телімінде жобалық-сметалық құжаттарынсыз жүргізілген. Оған қоса, мердігердің ақшасы төленген пəтерлерді өзге адамдарға қайта сатқаны анықталды. Нəтижесінде 15 пəтерге (3 пəтер жер телімінің иесіне берілуі тиіс) 22 отбасы үміткер болып отыр. Қазіргі кезде, бірқатар үлескерлердің қолдарында төлеген ақшаларын қайтарып алуы туралы сот шешімі де бар. Бірақ та мердігер соттың бұл шешімін орындауға асығар емес.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар