Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
97 жыл бұрынғы карта! - АРҚА АЖАРЫ

97 жыл бұрынғы карта!

Ақмола облыстық мұрағат қоры осыдан жүз жылдай бұрын қазіргі Қазақстанның кейбір аймақтары көрсетілген көне картамен толықты.

Мұрағатшылардың айтуынша, кезінде бұл көне жәдігер 21 бөліктен, яғни, 21 парақтан тұратын Кеңес өкіметі картасының бір бөлігі екен. Нақтырақ айтқанда, ол Қазақстанның солтүстік, батыс, оңтүстік-батыс және орталық аймақтары көрсетілген картаның екінші және үшінші парақтары.
1921 жылы Санкт-Петербург қаласында қайта басылып шығарылған картаға елді мекендер мен өзен-көлдердің атаулары 1890 жылғы деректер негізінде енгізіліпті. Олай болса, бұл картадан осыдан шамамен 120 жыл бұрынғы ауылдар мен қалалардың қалай аталғаны туралы деректерді көруге болады.
Мұрағат мамандары бұл картаны жан-жақты зерттеуге ұсынамыз деп отыр. Облыстық мұрағаттың бөлім меңгерушісі Ольга Полеткина:
– Осындай көне картаның бар екендігін білген тарихшылар мен өлкетанушылар оны көруге және зерттеуге мұрағатқа келетіні сөзсіз. Сонымен бірге, бұл картаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, әсіресе, жер-су аттарын өзгертуге де пайдасы тиіп қалуы мүмкін. Сондықтан, оның көшірмесін жасауды және көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, – дейді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар