Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнерлі өлкенің бір сыры - АРҚА АЖАРЫ

Өнерлі өлкенің бір сыры

Таяуда Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, ұзақ жылдар бойы өнер саласында табан аудармай қызмет еткен Ермек Мирамқұловтың «Өнер өлкесінде» деп аталатын жинағы баспадан жарық көрді.

Бұқаралық ақпарат құралдары бетінде аракідік өнер өлкесінің өрісі жайында жазып жүрген Ермек Нұрмашұлы жылдар бойы жинаған өнер адамдары жайлы суреттемелерін, әрқилы деректерді топтастырған екен. Негізінен, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының тарихына тоқталған. 1956 жылдан бері халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан осы ұжымның әр жылдардағы жетекшілері, толайым талантты өнер адамдары туралы сыр шертіледі. Бір ұтымдысы, жинақ эстрада өнерінің тылсым тарихынан тағылымды ой өрістететін мағлұматпен ашылған екен. Оқырман қауым бірден өнердің осы саласы жа-
йында таным көкжиегін кеңейтері сөзсіз.
«Көзкөргендер» айдарымен сахна шеберлерінің шығармашылық биіктері, толымды табыстары тарқатылып айтылады. Сондай-ақ, автордың әр жылдары жазған толғаулары мен арнаулары да қоса беріліпті. Жалғыз Көкше өңірінің өнерпаздары ғана емес, сонау Сыр бойының саңлақтары жайында да сыр шертіледі. Кейде сәнді сахнадан қол үзіп қалған соң көрермен көңіліндегі әдемі бейнесінің ажары қаша бастайтын аға буын өкілдерінің ғибратты есімдерін қайтадан жаңғыртып, ел есіне салуы өте маңызды. «Мәдениет майталмандары» айдарымен берілген тұшымды дүниелерден өнерлері өрісті, таланттары толайым болғанымен, уақыт табы тұмшалаған тұлғалардың келісті кескінін көріп қуандық.
«Көкше қаламгері» бөлімінде өңірдегі ат төбеліндей ғана қалам ұстаған, туған халқына сөз өнерімен сергек қызмет етіп келе жатқан ақын-жазушылар жайында қысқаша деректер берілген.
Жинақтың тілі жатық, ойы оралымды. Біз бар ғұмырын өнер саласына арнап келе жатқан Ермек Мирамқұловқа жинағыңның тағдыры ғұмырлы болсын демекпіз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар