Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Талап пен күрес күшейеді - АРҚА АЖАРЫ

Талап пен күрес күшейеді

Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы Қазақстанның әрі қарай дамуының стратегиялық құжаты болып табылады. Осыған орай, Ұлт Көшбасшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында нақты міндеттерді белгілеп берді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуының 10 негізгі басымдылығының тоғызыншы міндетінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы баса айтты. Сондай-ақ, «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді», – делінген Жолдауда.
Одан әрі сыбайлас жемқорлықпен күрес жолындағы мемлекеттік органдардың халықпен өзара әрекеттесуіне және азаматтардың өтініштерін қарастыру бо-йынша үрдістерді сапалы ұйымдастыруға зор назар аударады. Біздің елімізде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді және айқын мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр, оған Жолдаудың тоғызыншы бағытындағы қорытындылар куә. Жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылады. Жемқорлық тәуекелдерін азайту жағдайы ретінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық үлгісіне өту өзекті мәселе болып қала береді.
Өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділігінің әлеуетін олардың экономикалық тұрақтылығы мен жауапкершілігін арттыру арқылы толығымен ашуға тапсырма берілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңының басым бағыттарын түсіндіру және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық мақсатты топтарын қамтыған іс-шаралар кешенін ұйымдастырды. Өткен жылдың 12 айы ішінде 792 іс-шара, оның ішінде 320 – білім берушілік және ғылыми-тәжірибелік бағытта, 26 – ақпараттық-түсіндірмелік сипатта және 146 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырды.
«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны барлық қоғамды жемқорлыққа қарсы күреске тартуға, жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге бағытталған облысымыздың дәстүрлі шарасына айналды.
«Есіктен есікке» акциясының аясында жемқорлыққа қарсы бағытта 40 мыңнан астам парақшалар, 950,7 мың жемқорлыққа қарсы флаерлер таратылды.
2017 жылдың 10 наурызынан бастап өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс істейді. Оның құрамында «Жаңару» ҚБ, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» өңірлік палатасының, департаменттің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментінің (жемқорлыққа қарсы қызмет) өкілдері, қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірлесіп еңбек етті. Бұл топ 250 еңбек ұжымдарында болып, 49 648 азаматты қамтыды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының нәтижелілігі туралы халықтың пікірін тыңдау шаралары ұйымдастырылып жатыр, әлеуметтік желілерде 150 әлеуметтік сұхбат жарияланды.
Мектептерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында
30 882 оқушыны қамтитын 495 «Адал ұрпақ» клубтары ашылып, жұмыс істеуде. 572 парасатты азамат бұрыштары құрылды.
Өткен жылдың 12 айы ішінде Ақмола облысында мемлекеттік қызметтердің саны қағаз үлгісінде – 912 156 болса, Мемлекеттік корпорация арқылы –
377 273, электрондық үлгіде – 4 260 655, ЭҮП арқылы – 135 072, «Е – лицензиялау» МДҚ – 106 175, қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 4 019 408 болып көрсетілді.
2017 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша 125 түсіндірмелік іс-шаралар өткізілді. Барлығы 64 бақылау шараларының нәтижесі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылық бойынша 1877 жағдай анықталды, 98 лауазымдық тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Әдеп жөніндегі кеңесте 86 мәселе қарастырылды. Мемлекеттік қызмет саласында 88 тексеріс өткізілді.
Азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш білдіруі мен оларға жауап алуы мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы маңызды байланыс формасы болып табылады. Департаментпен азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 75 тексеріс өткізіліп, олардың қорытындысына сәйкес 31 азаматтың құқықтары қалыпқа келтірілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық үлгісіне өту өзекті мәселе болып қала береді. Осыған орай, департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс атқаруда. Облыста жыл сайын электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санының артуының байқалатынын ескертіп өткен жөн. Олардың үлесі өткен жылдың қорытындысы бойынша 78,6 пайызды құрады.
Басым бағыттардың бірі – тиімді мемлекеттік басқару, оның аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа жүйе арқылы төлеу енгізілетін болады. Ол қызметінің нәтижелеріне орай, мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көбейту, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында қарастырылған еңбекақы өтеу жүйесіне өту. Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорция-
сын қысқартады, сондай-ақ, мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге қосатын үлесі мен талап етілетін құзыреттілігіне тәуелді түрде әділ еңбекақы төлемін орнатады.
Мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында 2018 жылдан бастап орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізу бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылатын болады.
Елбасы өңірлік саясатқа ерекше назар аударады. Өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашу қажеттілігі айтылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген. Бұл жерде мемлекеттік органдарды жергілікті дәрежеде кәсіби кадрлармен қамтудың, олардың құрылымын тиімді жұмыс жасау үшін дұрыс құрудың маңызы зор.
Алдағы 2018 жылға арналған жоспарға сәйкес департамент әрі қарай мемлекеттік қызметтің салаларында міндеттерді жүзеге асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мемлекеттік бағалау мен бақылау, жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру жолында біздің күшіміз ортақ бағытта жұмылдырылады.
Сондықтан да, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жаппай жүзеге асыруға және қайта құрылуға, бастамашылық пен талаптылық танытуға шақыру ретінде қабылдаймын. Бұл жыл біз үшін де айрықша жыл, себебі, біз атқарып жатқан қызметімізге жаңа механизмдер мен формалар енгізетін боламыз.

Берген БЕСПАЛИНОВ,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы
бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар