Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалпыұлттық коалиция үндеуі қолдау тапты - АРҚА АЖАРЫ

Жалпыұлттық коалиция үндеуі қолдау тапты

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен «Қазақстан – 2050» демократиялық күштері Ақмола облыстық коалициясының отырысында кеңінен талқыланды.

Жиында стратегиялық құжатта айтылған міндеттер үлкен қолдау тапты. Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің одан әрі жаңғыруы мен жаңа әлемнің көшбасшылары қатарына қосылуы жөніндегі Елбасымыздың стратегиялық бастамаларының тікелей жалғасы болып табылады», – делінді облыстық коалиция отырысында.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов Елбасының Жолдауы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстанның жүйелі жаңғыруының он негізгі басымдығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін атап өтті. Ендігі арада барша қазақстандықтардың алдында үлкен міндеттер тұр. Индустрия-ландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын қайта жаңғырту мәселелеріне жете мән беруіміз қажеттігі, осы міндеттер әр мемлекеттік мекеменің, басқа да ұйымдардың күнделікті жұмыс тәртібінен түспеуі керектігі айтылды.
«Қазақстан – 2050» демократиялық күштері облыстық коалициясы Елбасының биылғы Жолдауымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын да одан әрі іске асыруға атсалысатын болады. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында өзіміздің экономикамызды дамытып, әлеуетімізді көрсетуіміз үшін аталған міндеттерді бірігіп жүзеге асыруымыз керектігін отырыс кезінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, профессор Тахир Мухамадиев те атап өтті. Коалиция отырысына қатысқан басқа да саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы Елбасының Жолдауын қызу қолдайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, жиында тұрғындарды Жолдауды насихаттауға және түсіндіру шараларына белсене қатысуға шақыратын «Қазақстан – 2050» демократиялық күштері республикалық жалпыұлттық коалициясының Үндеуі де қолдау тапты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар