Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен аппарат кеңесі өткізілді. - АРҚА АЖАРЫ

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен аппарат кеңесі өткізілді.

Онда кадрлық мәселе қаралып, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің 17 қаңтардағы өкімімен Қанат Мұратұлы Ыдырысов облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Ринат Фаатович Галлямов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Қанат Мұратұлы Ыдырысов 1967 жылы Көкшетау қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын және республикалық есеп және статистика салааралық институтын бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау облысының Садовый кеңшарында агроном қызметінен бастады. 1992-1999 жылдары Көкшетау және Ақмола облыстық салық басқармасында қызмет істеді. 2000-2006 жылдары аралығында Атбасар ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы болды. 2006-2008 жылдары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары болып қызмет істеді. 2008-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ведомстволық байланысты ұйымдарын басқару бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ринат Фаатович Галлямов 1983 жылы Көкшетау қаласында туған. Көкшетау университетін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін және Гуманитарлық-техникалық академияны бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Ақмола облыстық телерадиокомпаниясында бастады. 2003-2007 жылдары Көкшетау университетінің студент жастар орталығының үйлестірушісі, кейінірек тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор болып қызмет істеді. 2008 жылдан мемлекеттік қызметке ауысып, түрлі облыстық басқармаларда бөлім басшысы болып қызмет атқарды. Соңғы жылдары облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып істеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар