Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балабақша да, мектеп те салынады - АРҚА АЖАРЫ

Балабақша да, мектеп те салынады

Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр селосының «Көкше» мәдениет үйінде Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев есеп беріп, 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға жоспарланған міндеттер жайында баяндады және тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Кездесуге қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса, Краснояр селолық округінің тұрғындары, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Күн тәртібіне орай, ең алдымен селолық округ әкімі Нұрлан Айсин өткен жылы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жүктелген міндеттердің орындалуы, атқарылған жұмыстар мен олардың нәтижелері, округтің әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында жан-жақты баяндама жасады.
Баяндамашының айтуынша, өткен жылы мекен-жайлы әлеуметтік көмекті округтен 8 отбасы алып, оларға жалпы 597 мың теңге қаржы бөлініпті. Мемлекеттен балаларға төленетін жәрдемақы 30 отбасыға бөлініп, 1 миллион 176 мың теңге берілген. Округтің жұмыспен қамту орталығына 139 адам өтініш білдірсе, оның 129-ы жұмыспен қамтылған. Қоғамдық жұмыстарға 25, әлеуметтік жұмыстарға 9, жастар тәжірибесіне 1 адам жіберілген. 81 жалғызбасты зейнеткерге 16 әлеуметтік қызметші көмек көрсетеді. Спорттық, мәдени, медициналық білім саласының нысандары жұмыс істейді. Қала әкімдігінің көмегімен өткен жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған екі ойын алаңы мен бір футбол алаңы тұрғызылды.
–Шағын және орта бизнес нысандары 175 бірлікті құрайды. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырған 2,9 пайызға өсті. Жаңа технологияларды енгізу мақсатында «Вектор Инвест Көкшетау» жел электр стансасын орнату жобасына байланысты жер теліміне құжат дайындалып жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 38 пәтерлі 3 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Енді тұрғындарға беруге байланысты құжат дайындау жұмыстары жүргізілуде. Өткен көктемде қызыл судың салдарынан Шағалалы ауылындағы көпірді су шайған еді. Биылғы жылы көпірге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжат әзірленді. Новоселов ауылына құны 5 миллион теңгені құрайтын су құбырлары тартылған, –дей келе, округ әкімі жол, тұрғындардың үй аулаларының тазалығы, емхана мәселелеріне қатысты бірталай жағдайларды баяндады.
Округ әкімінен кейін қала әкімі Ермек Маржықпаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
–Өткен жыл біз үшін табысты өтті. Еліміз Универсиададан бастап, ЭКСПО көрмесін сәтті өткерді. Қалада да бірталай маңызды шаралар өтті. Өндіріс саласы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы 100 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Соңғы үш жыл ішінде өндіріс 32 пайызға өсті. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Индустрия-ландыру картасы бойынша 17 жоба іске қосылды. Олардың жалпы құны 20 миллиард теңгеден асады және қосымша 1300 жұмыс орны ашылады. Алдағы жылы 13 нысан ашылады деп жоспарланған. Бизнестің дамуы-
на мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 13 жоба құпталып, оған 135 миллион теңге бөлінді. Бизнес құрылымдары жыл сайын қаланың инфрақұрылымына инвестиция құйып жатыр. Соңғы үш жылдың көрсеткіштері 22 пайызға артты, –деді қала басшысы.
Құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстардың көлемі 15,5 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда екі миллиардқа артқан. 2017 жылы 159 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен бірге, жаңа неке сарайы ашылып, қаланы көріктендіре түсті. Қопа көлінің жағасында орналасқан жаңа шіркеудің құрылысы жүргізіліп жатыр. Революционер паркі қайта жаңғыртылуда.
–Балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуы өткен жылдың қорытындысы бойынша 93 пайызға жетті. Әлі де кезек күткен бүлдіршіндер көп. Осы мәселені шешу үшін Әуезов-Темірбеков көшелері бойында 280 орындық балабақша және Боровской шағын ауданында бір нысан салынбақшы. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде үш бақша салынып, ендігі жылы 720 орындық бала бақша ашылатын болады. Сарыарқа шағын ауданында 900 орындық мектеп салынуда. Сонымен бірге, Жолдауда мұғалімдердің еңбекақысының көбеюіне қатысты мәселе көтерілген еді. Бұл орайда, біздің қала ұстаздарының 60 пайызы жоғары еңбекақы алатын болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 650 миллион теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда, – деді Ермек Маржықпаев.
Бұдан соң, округ тұрғындары Шағалалы, Краснояр селосының көшелерін жарықтандыру, әлеуметтік көмек, жолдарды жөндеу, аялдама орнату, қоқыс жинау, аулаларды таза ұстау секілді мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар