Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс орталығы қанат жайып, көркейеді - АРҚА АЖАРЫ

Облыс орталығы қанат жайып, көркейеді

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының бас жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан және келешекте қолға алынатын сәулет-құрылыс жобаларымен танысты. Қала басшылығына жобалардың облыс орталығының көркін ашып қана қоймай, экологиялық және экономикалық жағынан тиімді болуын қарастыру тапсырылды.

Облыс орталығының бас жоспарына сәйкес «Сарыарқа», «Жансая» шағын аудандары, Қылшақты өзені, Шоқан Уәлиханов көшесінің бойы, «Астана-Щучинск» және Зеренді бағытындағы шыға берісте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған.
Осы орайда, сәулет-құрылыс жобаларымен таныстырған қала әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығы аумағын игеру және дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңі бойынша геосаяси, өңірлік және инфрақұрылымдық жағына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Таныстырылған жобалардың ішінде Қопа көлінің айналасын абаттандырып, қазіргі заманғы сәулет құрылысы нысандарын салу қарастырылып отыр. Қаланың бас жоспарында да осы Қопа көлінің жағалауын заманауи үлгілерде қайта жарақтандыру мәселесіне көңіл бөлінгені белгілі. Өйткені, бұл жер қаланың ең көрікті әрі дем алуға ыңғайлы жері. Сондай-ақ, «Сарыарқа», «Жансая» шағын аудандары мен «Астана-Щучинск» және Зеренді бағытындағы шыға берістегі жолдар және тұрғын үйлердің де келбетін өзгерту жоспарда бар.
Осы орайда, аталған жобалармен танысқан облыс әкімі Мәлік Мырзалин қаланың бас жоспарын оны бүгінгі және ертеңгі күннің талабына лайықтап, нақтылап жасалғанын қалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ұзақ мерзімдік жобалардан гөрі қысқа уақытта жүзеге асырылатын жобаларға басымдық берілу керектігін ескертті.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар